Электрондық ығысу теориясы. Изомерия. Органикалық реакциялардың және қосылыстардың классификациясы Жоспары - Орынбасарлардың электрондық эффектілері. Индукциялық эффектілер (-І және +І эффектілер), мезомерлі эффектілер (-М және +М эффектілер) туралы түсінік қалыптастыру.
- Измерия түрлері.
- Органикалық реакциялар классификациясы.
- Органикалық қосылыстар классификациясы.
Химиялық реакциялардың механизмін анықтағанда ең басты түсінік элементтердің электртерістілігі болып табылады. Химиялық реакциялардың механизмін анықтағанда ең басты түсінік элементтердің электртерістілігі болып табылады. Америка ғалымы Полинг электртерістілікке – атомның электрондық тарту қабілеті деген түсінік берді. Электрон тартқыштық қабілет байланыстың полюстенуіне әсер етеді, сөйтіп реакцияның жүру барысын анықтайды. Периодтық таблицаның екінші периодында орналасқан элементтердің көміртектің оң жағында орналасқндары электронды қосып алуға бейім, ал сол жағындағылары-беріп жіберуге бейім. Периодтық таблицаның екінші периодында орналасқан элементтердің көміртектің оң жағында орналасқндары электронды қосып алуға бейім, ал сол жағындағылары-беріп жіберуге бейім. Көміртек электрондарды беруге де, қосып алуға да қолайлы орналасқан.Осыған байланысты 2-ші периодтың элементтерін олардың электртерістіліктерінің азаюына байланысты мынандай қатарға орналастыруға болады: Ғ NC BBe Атомның мөлшері неғұрлым кіші болса, соғұрлым электрон тартқыштық күшееді, яғни Ғ Br Атомның мөлшері неғұрлым кіші болса, соғұрлым электрон тартқыштық күшееді, яғни Ғ Br Иондану потенциалы төмен элементтердің электронды тартқыштығыда төмен болады. Хлорлы метил СН3СІ молекуласының көміртек пен хлор атомдарының арасындағы ơ-байланыс, әрбір атомның берген бір-бір электрондарының жұптасуы (ортақтасуы) нәтижесінде құралған. СІ атомының электртерістілігі күштірек, яғни оның электронды тартқыштығы С атомынан гөрі үлкен. Сондықтан, ортақталған электрон жұбы көміртектен гөрі хлорға көбірек тартылады және валенттілік электрондармен атомдық ядролардың электр орталықтары бірдей болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |