Электронды журнал Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық –жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»



Дата07.02.2022
өлшемі23,31 Kb.
#91033
түріБағдарламасы
Байланысты:
Электронды журнал
00007a72-7178dd14 (1), 00007a72-7178dd14 (1), Тест Керна-Йерасека, treningi, тіркеу қағазы, treningi

Электронды журнал

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық –жаңа


экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірледі.
Жобаның негізгі мақсаты - үздік білім ресурстары мен технологияларға білім беру процесінің барлық қатысушыларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Дамыған елдерде кең тараған «E-learning» электронды оқыту жүйесін меңгере бастадық. Оның құқықтық және методологиялық базасы қалыптасуда. Облыс бойынша биылғы оқу жылында 44 білім беру ұйымында
«E-learning» жобасы басталды.
«Базалық педагогикалық білімнің стандартын, оқытушылардың біліктілігіне қойылатын талаптарды күшейту қажет» Электронды оқыту жүйесінің болашағы нақты уақыт режімінде мұғалімдер, оқушылар, әкімшілікпен, ата-аналармен, ұйымдармен ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін байланыс.
Электронды журнал жүйесі мынандай мүмкіндіктерді құрайды:
- әр сынып үшін сабақ кестесін жариялау;
- оқушының күнделігін енгізу;
- баға қою;
- үлгерім анализі (статистикалық график);
- қалдырған күндерді және ескертулерді тіркеу;
- ата-ананың sms байланысы;
- e-mail ата-анамен байланыс;
- мектептер арасындағы, оқушылардың ата-аналарымен
қарым –қатынасқа арналған форум.
Педагогтар үшін
Әрбір мұғалім және оқытушы электрондық күнделік пен журналдарға тек ғана бағаны қоймай, әрбір оқушының үлгерімін қадағалай алады. Автоматты түрде есептерді жасау арқылы құжаттамамен барлық машақатты жұмысты одан да жылдам орындауға мүмкін. Сонымен қатар e-Learning жүйеде өзінің атқарылған жұмыстарын орналастыруға, білім алушыларға тестілеуді жүргізуге мүмкіндік береді.
Оқушылар үшін e-Learning-те оқуда жетістіктерге жету үшін барлық қажетті модулдер және жүйелер бар.
Сабақ кестелерін және үй-тапсырмаларын алу, егер оқушы ауырып қалса немесе мектепке келе алмаса, ол енді жүйе арқылы барлық тапсырманы үйде орындай алады. Осылай балалар мектептің бағдарламасынан қаламын және түсінбегендіктен төмен баға алып қаламын деген қорқынышсыз сабағын жалғастыра алады. Сонымен қатар оқытушылар балаларға тілегіне қарай қажетті электрондық оқу материалын, сабақтың электрондық болжамасына сілтемені бере алады. Алайда ІТ-технологиялардың жетістіктері тек жеке жағдайларда ғана емес сонымен қатар карантин, барлық оқушыларға сабақ болмаған жағдайда көмектеседі. e-Learning жүйесі арқылы оқушылар пайдалы ақпаратты қарап, уақытын жоғалтпай оқытушылармен, сынып жетекшілермен және бір-бірімен қарым-қатынас жасай алады. Қарапайым, жеңіл, заманауи!

  • Қосымша онлайн-сабақтарға және педагогтардың консультацияларына қатысу мүмкіндігі

Мерзімінде оқу жоспарын орындау қажеттілігі мұғалімдерді асықтырады және оқушыға қалғандарын тез игеруге көмектеспейді.
Қандайда болмасын пәннің сабақтарына қалу оқушының тек қана үлгерімін төмендетіп қана қоймайды, сонымен қатар оның психологиялық жағдайына да әсер етеді. Статистика растағандай, бала қанағаттанарлықсыз баға алған кезде азап шегеді, өзімін өзі тұйықталады, берілетін сабақты түсінуге және артықшылығын бағалауды тоқтатады. Сондықтан атап айтқанда e-Learning жүйесінде әрбір оқушыға оқытушымен қарым-қатынас жасау, сұрақтар қою және оған жедел жауап алу мүмкіндігі салынған, мысалы, үй тапсырмасын орындау уақытында. Қосымша сабаққа қатысу үшін сабақтан кейін қалудың қажеттілігі жоқ. Барлығы тез, барлығы – онлайн!
Ата-аналар үшін
Балалардың бағаларын және жетістіктерін бақылау
Е-Learning жүйесі ата-аналарға үйден шықпай және жұмыстан
қол үзбей өзінің баласының үлгерімі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Бағаларды және оқуға қатысты басқада пайдалы ақпараттарды қарау
Сіздің балаңыз мектептің барлық сабағына қатысып жүрме? Қандай пәнмен ынтамен шұғылдану керек? Осының барлығын ата-аналар ұлының немесе қызының болашақтағы жетістіктері үшін бақылай алады. e-Learning-те барлық пәндер бойынша бағаларды электрондық түрде қарауға мүмкіндігі бар. Енді күнделікті немесе дәптердегі екілікті тығу әлдеқайда қиын.
Бұл – жүйеге кіру үшін тек тиісті логин және пароль алған ата-аналар қарай алатын ресми ақпарат. Тағыда ата-аналар баласының оқу орнына келуін бақылай алады.
Мектеп әкімшілігі және педагогикалық құраммен жедел және тиімді өзара іс-қимыл
Электрондық оқыту жүйесінің арқасында ата-аналардың оқытушылармен қарым-қатынасуға, білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды білуге, мектептің және өзінің баласының өміріне белсенді қатысуға мүмкіндігі бар. Енді әрбір ата-ана тікелей сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға және баланың тәрбиесі және біліміне қатысты педагогтармен кеңесуге болады. e-Learning SMS-хабарламаның жәберілімін және қажетті мұғаліммен тікелей байланысуды қосады.
Ата-аналарға автоматтандырылған түрде «Жалпы білім беретін мектептерге алу үшін құжаттарды қабылдау» және
«Жалпы білім беретін мектептерде оқушылар және тәрбиеленушілердің жеке санаттарына тегін тамақтануды беру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметтерін алуға болады.
Қорыта келе оқу процесіне автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымы қажетті жабдықтармен жарақтандырылуы, компьютердің жаңа түрлеріне, интернетке қолжетімділік керек. Бұл жүйеге көшу, мектептің электронды және sms күнделікке қосылуы, оқушылардың оқу үлгерімін жақсарту, сабақты қалдырмау, ата-анамен тұрақты, тез байланыс жасау, электронды журналға күндіз-түні қатынау, sms күнделік, мектепті сапалы-жаңа деңгейге көтеру мүмкіндіктерін береді.
Электронды журнал мен электронды күнделікті қолдану әдістері
Мемлекеттік қызметтер
Электрондық күнделікпен журналда бағаларды қарау
Ынталандыру – ең үздік дос. Оқушылардың жеке жетістігін электрондық журналмен электронды күнделікте қарауға болады. Сонымен бірге жүйенің ішінде ақпараттың құпиялығы сақталады, сыныптастардың ешқайсысы оқушының алған бағасын көре алмайды, алайда оқушыларға бір бірімен қарым-қатынас жасауға және жетістіктерін талқылауға – әрқашанда мүмкіндік бар. Үлгерімі туралы ақпаратты қараудың қолайлығы аптаға, айға және тіпті бір жылғы статистиканы қараудың мүмкіндігімен расталады.
Жұмысты жылдамдату және оқушылардың жалпы оқу үлгерімін жақсарту

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет