Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестені есептеулерге қолдану Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Функциялардың мәндерін кесте ішінде есептеуге үйрету.
Тәрбиелік: Студенттердің ой еңбегін дағдылауға, өз бетімен жұмыс істеуге, еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ойлау шеберлігінің, түйсіктің және естің дамуы; мамандықтарына сәйкес дамыта оқыту негізінде студенттердің белсенділігін, қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Көрнекілігі: дербес компьютерлер, мультимедиялық проектор, тест тапсырмалары, тақырып бойынша слайд т.б.
Пәнаралық байланыс: информатика,математика т.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Күтілетін нәтиже: Электрондық кестеде формулалар мен функцияларды еркін қолдануға меңгерту
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Студенттермен амандасу.Студенттердің сабаққа әзірлігін тексеру.
Топқа бөлу
II. Үй тапсырмасы.
Өткен тақырыпты қайталау. «Адасқан объектілер» ойыны
III. Жаңа сабақ
Ms Excel бағдарламасы қарапайым есептеулерді оңай орындауға мүмкіндік беретін бағдарлама. Алу, қосу, азайту және бөлу амалдарынан басқа, бұл бағдарлама мәндер жинағының орташа арифметикалық амалдарын математикалық финанстық, статистикалық және логикалық функциялардың ауқымды жиыны ендірілген.
Өрнек- бұл Excel бағдарлаасы орындайтын жазылған есептеулер. Ұяшыққа өрнекті енгізген кезде бағдарлама оны еске сақтап қалады, бірақ ұяшықтың өзінде есептеу нәтижесі ғана көрініс табады.
Ехсеl бағдарламасында өрнектің барлығы «=» теңдік таңбасынан басталады.
Өрнекті көру үшін осы өрнек орналасқан ұяшықты шерту керек. өрнек өрнектер өрнектер жолағында көрініс табады. Өрнекті енгізу аяқталғаннан кезде ұяшықта оның өзі емес, осы өрнек бойынша
Ехсеl бағдарламасындағы өрнектерді өңдеуге болады. Мысалы, өрнектегі қатені түзету үшін өрнекті шертіп, өрнектің жолындағы Функциялар есептеулерді ықшамды күйде жазу үшін қолданылады және мынадай түрде жазылады:
Бірқатар функциялар
МАКС (тізім) - тізімдегі ең үлкен (максимум) шаманы табады.
СУММ(тізім) -көрстеілген тізімнің қосындысын есептейді.
Мысалы, СУММ(А1:А300) функциясы А1.А300 аралығындағы ұяшықта орналасқан мәндердің қосындысы табады.
Қосу функциясы өте жиі қолданылатындықтан, оған саймандар тақтасында yавтоматты түрде қосу батырмасы меншіктіеліп қойылған. Қосу амалын жылдам орындау үшін осы батырманы пайдалануға болады .
Формулаға Excel программасында қолданылатын кез келген функцияны енгізу үшін, Енгізу, Функциялар (Вставка,Функций) командасын орындаймыз немесе саймандар тақтасындағы fx. Батырмасын шертеміз.