MS Excel -дегі теңдік «=» белгісінен басталатынын символдар тізбегін формула деп атаймыз. Символдар тізбегі құрамына тұрақты мәндер, ұяшыққа сілтемелер, атаулар, функциялар немесе операторлардың бірі немесе бірнешеуі қамтылуы мүмкін. Формула жұмысының нәтижесінде қандайда бір жаңа мән есептелініп шығады.
MS Excel-де функциялар жұмыс кітабындағы стандартты есептеулерді орындау үшін қолданылады.
Функцияны қолдану үшін оны жұмыс кітабының қажетті ұяшығына формуланың құрамды бөлігі түрінде енгізу керек.
Егер функция формуланың алғашқы бөлігінде қолданылатын болса, онда оның алдына міндетті түрде теңдік белгісі қойылады.
Функция аргументі функция атауынан кейін дөңгелек жақшаға алынып жазылады. Егер а ргумент бірнешеу болса олар өзара нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылады.
ФОРМУЛЫ – құралдар тақтасы арқылы функциялармен жұмыс істеуге болады.
Функция менюіндегі Қою немесе батырмасының көмегімен Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін шақыру.
Ф ормулада +, -, /, *, ^ операцияларын және (,), % белгісін қолдануға болады.
Ms Excel -де 400-ден астам функциялар бар.