ИЛИ Берілген аргументтердің кемінде біреуі АҚИҚАТ мән қабылдаса АҚИҚАТ болады; аргументтердің барлығы ЖАЛҒАН мән қабылдаған жағдайда ғана ЖАЛҒАН болады.
ИЛИ (1 логикалық_өрнек; 2 логикалық_өрнек; ...) НЕ Аргументтің логикалық мәнін кері мәнге ауыстырады. НЕ функциясы көп жағдайда мәннің қандайда бір нақты шамаға тең емес екенін анықтау мақсатында қолданылады.
ЖАЛҒАН'>НЕ (логикалық _ өрнек) Логикалық өрнек ЖАЛҒАН мән қабылдаса, НЕ функциясы нәтижеде АҚИҚАТ мән береді,
керісінше АҚИҚАТ мән қабылдаса, онда НЕ функциясы нәтижеде ЖАЛҒАН мән береді.
Статистикалық функциялар
Статистикалық функциялар берілген мәліметтер аймағында статистикалық талдаулар жасауға
мүмкіндік береді.
СРЗНАЧӨз аргументтерінің арифметикалық орташа мәнін есептейді.СРЗНАЧ(1сан; 2сан ...) Математикалық функциялар
СУММ Көрсетілген ұяшықтардағы сандық мәндердің немесе берілген сандардың қосындысын табады.СУММ(1сан; 2 сан;...) Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында белгісінің батырмасы қарастырылған. Жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын белгілеп, Автоқосынды (Автосумма) батырмасын шертіңіз.
Қорытылып шығатын формулаларды енгізу үшін Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін қолдануға болады. Ол функцияны енгізіп қана қоймай, күрделі есептеулерді де орындайды.