Электрондық оқыту (e-learning) жүйесі қазіргі заман талабы



бет2/2
Дата13.12.2022
өлшемі93,7 Kb.
#162508
1   2
Байланысты:
Электрондық оқыту (e-learning) жүйесі қазіргі заман талабы

Мысал ретінде, SMART Board Dual Touch 685 интерактивті тақтасы оқытушы мен оқушы жұмысына, оқушылардың топпен жұмыс жасауға, презентациялар өткізумен қатар, семинарлар өткізуге мүмкіндік береді. Бұл құрылғы ғылым мен оқытуды, және оқытушы мен оқушы арасындағы диалогты көрнекі етуге көмектеседі.
Ізденістер бойынша, Мәскеу елдерінің алдыңғы қатарлы мектептерінде SMART және басқа да жаңа ақпараттық құрылғыларды оқу үрдісін қызықты, әрі дамыту үшін қолданылып жатқаны және оның оқытушыларды оқытуда үлкен жетістіктерге жетіп жатқандығы мәлім болды.
Бұндай мектеп оқытушылары басқа оқу орнынан келген оқытушыларға жаңа технологияны енгізу тәжірибесімен бөлісуге дайын екен. Сонымен қатар, SMART компаниясы оқу үрдісін барлық оқушыларға, соның ішінде ерекше оқытуға мұқтаж балаларға да қызықты ету үшін барлық күштерін салуда. 
Инетактивті тақтамен жұмыс жасаудың артықшылықтары:

  • Барлық жастағы оқушыларға тиімді;

  • Оқытушыға веб-сайттар және басқа да ресурстармен жұмыс жасай отырып, материалды оқушыыларға жеткізуді күшейтеді;

  • Сыныпта талқылау мен араласуға кең мүмкіндік береді;

  • Көптеген түрлі және динамикалық материалдарды қолдану арқасында оқушы мен оқытушыға сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі;

  • Оқытушыға жаңа материалды сынып центрінен түсіндіруге мүмкіндік береді;

2013 жылдың келесі бір жаналығы SMART Table 442i интерактивті тақтасы. Үстелдің жұмыс беті сұйық кристалды жылтер емес болып келеді, мүмкіншілігі Full HD (1080p). Бұл экранмен кез-келген жарық түсуінде жұмыс жасау ыңғайлы. Әдемі интерфейспен қатар тақта бір мезетте 40 тиісуді сезініп, 8 оқушыға бір уақытта жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, үстелді бүлдіру де немес жұмыстан шығаруда тіптен оңай емес. Енді оқытушы берілген тапсырманы өзі құрастыру мен қатар өзгертулер енгізіп, SMART Exchange ресурстар сайтынан әзір тапсырмаларды да жүктеуіне болады. 
Смарт құрылғылар не үшін қажет?

  • Смарт телефон, планшет сияқты соңғы технологияны қолданып жүрген оқушыларға бұл тақта түсінікті, әрі сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

  • Бұл сенсорлы экран тез жұмыс жасаумен қатар, бір уақытта бірнеше оқушының жұмыс жасауына көмектеседі;

  • Технология жаңартылған сайын ол кешендендіріліп, сабаққа керекті материалдар да толықтырыла түседі;

  • Сабақтың центрден есте сақтау қабілетіне үлкен экраннан көрсетілуіне, сол уақытта оқушылар өздері тапсырманы жасап, сол бағытта басқа бір тапсырманы жасай алуларына болады;

  • Сабаққа қажетті құралдарды ресурстар сайтынан алуларына немесе интернетпен жұмыс жасауға болады;

  • 3D объектілерді түсіндіруге көп көмегі тиеді;

  • Оқушылардың сабаққа қызықты, әрі белсенді қатысуына ықпал етеді;

  • Оқушылардың бір уақытта бірнеше оқушы жұмыс жасай алуына байланысты, топпен жұмыс жасауды да ыңғайлығы;

  • Егер сабаққа керек материалдар әзір болса, сабақ темпінің де жақсы өтуіне септігін тигізеді;

  • Смарт экранда объектілер мен жазбаларды қозғауға, суреттер мен диаграммаларға комментариилер қосуға мүмкіндік береді;

Смарт құрылғылардың оқушыларға қажеттілігі :

  • Сабақты қызықты етіп, оқушылардың қызығушылығын арттырады;

  • Оқушылардың жеке және әлеуметтік қабілеттерін арттыра отырып, топпен жұмыс жасауға көмектеседі;

  • Сақтау және баспаға басу мүмкіндіктері арқасында жазудан құтқарады;

  • Материалды түсінікті, көрнекі әрі эффектілі етіп беру арқасында оқушылардың қиын материалдарды да түсінуін жеңілдетеді;

  • Оқушылардың өздеріне деген сенімі артып, шығармашылық жұмыс жасаулары артады;

  • Оқушылардың сабақтан тыс та көп қызықты жұмыстар жасауына да көмектеседі;

Жоғарыда айтылғандарды ескере келе, сабағымыздың берілуі мен сапасын жақсарту үшін оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану ауадай қажет екендігі түсінікті.
Смарт құрылғыларды игеру және оқу үрдісіне қосып, оларды жаңартып отыру қажет. Бұл құрылғыларды тек информатика пәні оқытушылары емес, барлық оқытушылары пайдаланғанын бақылау, қажет болса үйрету, оқыту керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбев Н. "Қазақстан — 2030" Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1997ж, 176 бет [1]

  2. Демеуова Ләззат. Ғаламдық ойлауға бейімдеу. "Қазақстан мектебі" №12 Алматы, 2003- 3 бет. [2]

  3. Жошыбаева Гүлнар. Ұлттық мектеп - ел еңсесі. "Қазақстан мектебі", №12, 2003-13 бет. [3]

  4. Қоянбаева Сәуле. Танымдық қызығуды белсендіру. "Қазақстан мектебі" №6, 2003 [4]

  5. Границкая А.С. Научить думать и действовать. Адаптивная система обучения в школе. Просвещение, 1991. [5]

  6. Дамитов Б.К., Фредман Л.М., Физические задачи и методы их решения. Алматы, Мектеп, 1987, 160-6. [6]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет