Электрондық оқулық құру



бет7/7
Дата07.05.2017
өлшемі4,73 Mb.
#16088
1   2   3   4   5   6   7

3.1 HTML ортасымен танысу
Алғашқы HTML(Hyper Text Maker Language) нұсқасын 1989 жылы Тим Бенерс-Ли Mosaic браузері үшін жасады. Бірақ ол уақытта браузер де, тіл де кең қолданысқа ие бола алмады. 1993 жылда HTML+ нұсқасы пайда болды. Бірақ ол да практикада жүзінде қолданысқа ие бола алмады. Гипермәтіннің кең қолданысқа енуіне 2.0 нұсқасы тиімді болды, ол 1994 жылы ұсынылған. Бұл жыл WWW дүниеге кең тараған жыл еді. 2.0нұсқасындағы элементтер әлі күнге дейін өз сенімділігін жойған жоқ. Бір жылдан кейін пайда болған HTML 3.0 нұсқасында тілдің элементтері көмегімен математикалық символдардың (интервал, шексіздік, бөлшек, жақша және т.б. белгілер) жазылуы енгізілді. Осы нұсқаға лайықтап Arena браузері ойлап табылды, бірақ бұл жоба одан әрі дамымады. 1996 жылда HTML 3.2 нұсқасын құрастыру барысында тілге фреймдерді енгізгеннен кейін ол Web-беттерін жасаушыларды кеңінен таралды. Қазіргі кезде браузерлердің көбісі 3.2 нұсқасымен жұмыс істейді. Ресми түрде HTML 4.0 1997 жылы пайда болды деп жарияланды. Сол кезде жетістікке ие болған браузерлерде (Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator) қолданып дами бастады. HTML-дың маңызды ерекшелігі - құжатты Web-браузердің әр түрлі типтерінде және әр түрлі платформаларда көрсетілуі мүмкін [9].

Ақпараттық қоғам заманында Интернет ақпараттарды жеткізудің негізгі құралына айналып отыр. Интернет - барлық жүйелері хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен, яғни ережемен жұмыс істейтін ауқымды (глобальды) компьютерлік желі.

Интернеттің дамуы мен таралуы 3 бағытта жүргізіледі:


  • техникалық немесе аппараттық компонент;

  • программалық компонент;

  • ақпараттық компонент.

Аппараттық компонент компьютерлердің түрлі модельдері мен жүйелерінен, физикалық негізі әртүрлі болып келетін байланыс арналарынан, компьютерлер мен байланыс арналары арасындағы механикалық, әрі электрлік үйлесімді қамтамасыз ететін құрылғылардан тұрады. Ал ондағы мәліметті тасымалдау ісі байланыстың кабельдік және спутниктік арналарынан, радио жүйелерінен, теледидарға арналған кабельдік арналардан тұрады.

Бағдарламалық компонент интернеттегі түрлі типтегі компьютерлер мен құрылғылардың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ал оның негізгі функциялары төмендегідей:



аппаратураның функциональдық сәйкестіктерін қамтамасыз ету.

Программалық жабдықтар екі топқа бөлінеді:



  • сервер-программалар;

  • клиент-программалар.

Сервер-программалар – тұтынушылар компьютерлеріне қызмет ететін желі торабында орналасады; клиент-программалар – тұтынушы компьютерлерінде орналасып, сервердің қызметін пайдаланады.

Ақпараттық компонент желідегі компьютерлерде сақталатын түрлі құжаттар арқылы өрнектеледі. Желідегі құжаттар бір-бірімен сілтеме адрестер арқылы беріледі .

Интернеттегі мәліметтерді бейнелеу HTML тілінде жазылады. Бірақ ол программалауға ұқсас болғанмен программалау тілі емес, гипермәтінді белгілеу тілі. Сонымен қатар, ол мәтіндерді Web-беттер түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.

Web-құжаттарды қарап шығу үшін арнайы браузер-программалар қажет. Қазіргі кезде кеңінен таралған браузерлер қатарына Internet Explorer (Microsoft фирмасының өнімі) және Netscape Navigator (Netscape Communications Corp. фирмасының өнімі) программалары жатады. Браузерлер WWW-тен басқа Интернеттің басқа да ресурстарымен (Usenet, FTP) де байланыса алады.

Қазіргі уақытта Интернеттің ресурстарымен қатар операциялық жүйелердің функциясын орындайтын Web-браузерлер жасау жоспарлануда. Мысалға, Netscape Communications Corp. компаниясы өзінің шығарған Netscape Navigator браузеріне операциялық жүйелерге ғана тән мүмкіндіктер қосуда. Ал Microsoft компаниясы Internet Explorer өнімін Windows операциялық жүйесімен біріктірген. Нәтижесінде пайдаланушы жұмыс үстелін Web-парақ режимінде шығарып жұмыс істей алады және Web-парақтардың жарлықтарын жұмыс үстеліне шығарып қоя алады. Бұл режимде Windows-тың жұмыс үстелі Active Desktop (екпінді күйдегі жұмыс үстелі) деп аталады, оның құрамына Web-элементтер мен дәстүрлі ақпараттарды біріктіретін Outlook программасы кіреді.

HTML термині (Hyper Text Maker Language) ағылшын тілінен аударғанда «гипермәтінді бейнелеу тілі» деген мағына береді. HTML Web ортасында гипермәтіндік құжаттарды даярлайтын стандартты тіл. HTML-құжаттар Web-браузерлердің әр түрлі типтерінде көрініс табуы мүмкін. HTML – мамандар ғана білетін қиын программалар тіліне қарағанда оңай барша меңгере алатын тілдердің бірі. Барлық Web-парақтарға тән бір жері – олар HTML тілінің көмегімен жасалған. HTML программалау тілі ретінде ғана өмірімізге енген жоқ. Осы тілді меңгерген адам қиын нәрселерді оңай және тез арада істеу мүмкіндігіне ие болады, ал бұл компьютер әлемінде аз емес. Дәстүрлі құжаттарға мультимедиа элементтерін қолдану гипермәтінге тән қасиет. Гипермәтіннің дамуына байланысты, тұтынушылар өздерінің мультимедиалық өнімдерін жасауға және оларды компакт-дискілер арқылы тарату мүмкіндігі ашылды. Осындай ақпараттық жүйелер HTML-беттерінің жиынтығы ретінде жазылған болса, онда олар қосымша программалық оңдеуді қажет етпейді, себебі, Web-браузерлермен жұмыс істеуге арналған қажетті жабдықтардың барлығы дербес компьютерлердің стандартты бағдарламаның құрамына енеді. Тұтынушыдан тек қана: мәтінді жазу, суреттерді салу, HTML-беттерін дайындап, олардың бір-бірімен байланысын көрсетіп қою қажет. HTML Web-беттерді құрастырудың негізі бола тұра, тікелей бейнелеу өнерінің жаңа бағытына Web-дизайнға байланысты. Суретшіге Интернетте көркем суреттерді салып қою мен жаңа фирмалық стильді құрастырып қою аз, ол өз жұмысын желіге орналастырып қою керек. Тұтынушы оны көргенде өзінің де сондай көркем жұмыстарын жасауға деген ынтасы туындауы қажет .

Web-құжат файлдары .html немесе .htm кеңеймесі бар мәтіндік файлдар. Оларды құруда қарапайым мәтіндік редакторлардан пайдалануға болады. Мысалы: MS Windows ортасында Notepad (Блокнот) редакторы.



Мұнда негізінен құрылған Web-құжатты келесі сурет арқылы көре аламыз.

Сурет 11 – HTML гипермәтіндік ортасы
HTML-құжаттарын кез келген мәтінік редакторда жасауға болады немесе арнайы HTML-редакторларында және конвертерлерде. HTML-құжаттарды дайындайтын редакторларды таңдау пайдаланушының өзіне байланысты.

3.2 Html тілінде құжат жасау негіздері

HTML қабықшасы. HTML қабықша– беттiң тақырыбы (HEAD) және негiзгi тегтерден тұратын денесi (BODY) орналасқан қарапайым тегтер. Тақырыбы және денесi бар HTML тегтердің жазылу үлгiсi[10]:











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет