Электроника



Pdf көрінісі
бет29/51
Дата04.09.2023
өлшемі2,72 Mb.
#180168
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51
Байланысты:
электроника
Лабораторная работТрансформатор, Баяндама тәрбие Мадина, Үйкеліс детка, ОлшеуТеория, зертхана
1.6.3 Тринистор 
 
Тринистордың (ары қарай тиристор) анод пен катодтан бөлек үшінші 
басқару электродының болуы, біріншіден, кіpic-шығыс жолдарының өзара 
тәуелсіз болуын қамтамасыз етеді (1.40 сурет), екіншіден, ол арқылы шамасы аз 
токпен (кернеумен) анодтағы үлкен токты (кернеуді) басқаруға мүмкіндік 
аламыз. 
Басқару электродтың кез келген ортадағы базалардың бipiнен (Б1, Б2) 
шығаруға болады. Бipaқ оны жұқа база Б2-ден шығарған тиімді. 
1.41-суреттегі тиристор құрылымына назар аударсақ онда сырттан 
берілген аз ғана басқару тогынан (I
бэ
) туған кемтіктерге (p

аймағында) көршілес 
n
2
катодынан қарсы электрондар қозғалысы пайда болады екен. Олардың біразы
кемтіктермен рекомбинацияға түседі, ал қалғандары кең база Б1 аймағына өтіп, 
ондағы электрондар санын көбейтеді де, өздігінше р
1
аймағынан қарсы кемтіктер 
қозғалысын туғызады. Қарсы қозғалған кемтіктердің біразы n
1
аймағында 
рекомбинацияға түсіп, қалғандары р
2
аймағына өтіп, ондағы кемткітер санын 
бұрынғыдан да арттыра тұседі... 
Осы дүркіндік процестің ары қарай дами түcyi, әрине, анод пен катод 
аралығына түсірілген анодтық кернеуге (U
а
) жене бастапқы себепші болған 
басқару электродының тогының (I
бэ
) шамасына байланысты болады. Егер U



62 
шамасы жеткілікті болса (U
a
>U
к
), онда тиристор басқару электродының 
тогынсыз-ақ іске қосылып, ток өткізе бастайды (динисторлық режим). Оның 
шамасы аздау болған жағдайда (U
a
к
), басқару электроды көмекке келіп, ол 
тиристордың ертерек қосылуын қамтамасыз етеді. 
1.40 сурет 
1.41 сурет 
Басқару тогы I
бэ
неғұрлым үлкен болса, тиристордың қосылуы анод 
кернеудің соғұрлым төмен шамасында іске асырылада. Бұл жағдай 1.40-суретте 
тиристор сипаттамасының басқару тогының шамасына қарай тарамдала 
түсетіндігімен керсетіліп отыр. Kөpiп отырғанымыздай тиристордың қосылу 
кернеуі (U
к1
, U
к2
,
...) I
бэ
тогы артқан сайын төмендей түciп, тиристордың 
қосылуын жеңілдетеді. Жоғарыда тиристардың қосылуы (

1
+

2
)=1 шартына 
сәйкес дедік. Ал кәдімгі транзисторлардағы α коэффициентінің бipгe жақын 
екенін ескерсек, онда тиристордық icкe қосылуы ток пен кернеудің өте төмен 


63 
шамаларында жүрмей ме?... Сондықтан да тиристорларды жоғары кернеулерге 
арнап шығару үшін (

1
+

2
)=1 шартын үлкен кернеу шамаларында орындауымыз 
керек. Miнe, осы талапты орындау үшін тиристор құрылымына мынадай екі түрлі 
ерекшеліктер енгізіледі. 1) 

1
шамасын өcipмey үшін бірінші база Б1, яғни n

аймағы кең жасалынады (мұны біз жоғарыда келтірілген 1.38, 1.39-суреттерде де 
көрсетуге тырыстық) Бұл жағдайда p
1
аймағынан енгізілген кемтіктердің 
көпшілігі кең база Б1-де рекомбинацияға түсіп, р
2
аймағына (
р-п-р
транзисторының коллекторына) аз өтіп, 


шамасын өсірмейді. 2) Катод пен 
басқару электродын өзара қосымша өтгізгішпен қосып (эммиттерлік тұйықтау), 
басқару тогының бip бөлігін осы өткізгішпен өткізеді. Мұнда көзделген негізгі 
мақсат, кернеудің аз кезінде токтың көп бөлігі осы қосымша өткізгішпен 
тұйықталып (
р-п
ауысуымен өтпей), 


шамасын өсірмейді де, ал кернеу 
артқанда 
р-п
ауысуының өзінен өтіп, оның шамасын күрт өсіреді. Яғни кернеудің 
өсуіне байланысты токтың
р-п
ауысуымен тұйықталатын бөлігі де артып, 
тиристордың қосылуы да кенеттен тез арада өтеды. Мұның тәжірибе жүзіндегі 
қосымша пайдасы, оның қосылу мерзімінің тез арада, кернеу шамасының 
шашыраңқылығынсыз icкe асуында. 
Эмиттерлік тұйықтаудағы токтар мен кернеулердің өзара қатынасын 1.30-
суретте келтірілген сипаттамалардан көруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет