Әлем таныған Абай. Қазақты тану үшін әуелі Абайды оқу қажет. Абайды білмейтін қазақ кемде кем шығар



Дата24.01.2022
өлшемі15,76 Kb.
#113991
Байланысты:
Абай эссе


Әлем таныған Ұлы Абай

Әлем таныған – Абай. Қазақты тану үшін әуелі Абайды оқу қажет. Абайды білмейтін қазақ кемде кем шығар. Себебі, Абайдың артынан қалдырған мұрасы, даналығы, қазақ халқының тарихында, мәдениетінде, әдебиетінде үлкен рөл атқарып, алтын әріппен жазылады.

Абай бала күнінен зерек, ақылды, зерделі, кең ойлай білетін дара бала болып өскен. Әжесі Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, анасы Ұлжанның өнегелі тәрбиесін көріп, Құнанбайдай ел дауын шешкен, көрегенді әкенің тәлімін алған Абайдың өнер-білімге деген ықыласы зор болады. Он жасында әкесі Құнанбай Ахмет Риза медресесіне оқуға жіберіп, сол жақта үздік шәкірт атанып, түркі әлемінің ұлы ойшыл-философтары Фирдоуси, Науаи, Низами, Хорезми шығармаларымен сусындайды.

Міне, осындай өнеге көрген Абай ұлы философ, ақын, композитор, ағартушы ретінде қазақ әдебиетінің негізін қалады. Ол әрбір өлеңдері мен қара сөздерін қазақ халқының тұрмыс тіршілігін, әлеуметтік өмірін арқау ете отырып жазған. Абай қазақтың лирик ақыны. Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылып бүкіл әлемге танылған. Абайды тек қазақ халқы ғана емес, әлемнің көптеген елдері ұлы тұлға, ойшыл ақын ретінде таниды, мойындайды. Әлемнің түпкір түкпірінде Франция, Венгрия, Ресей, Мысыр, Қытай, Өзбекстан, Иран, Әзірбайжан, тағы басқа елдерде Абай атасыздың ескерткіштері биік мәртебемен орнатылған.



Биылғы жылы Абай атамыздың 175 жылдық мерей тойын бүкіл жұртшылық болып тойламақпыз. «Өлді деуге болама айтыңдаршы, Өлмей тұрым артынан із қалдырған»- деп дана ақынның өзі жырлағандай ұлы дала елінде ұлы ақынның есімі мәңгіге сақталатыны айқын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет