Сабақтың тақырыбы: Абай-дана,Абай-дара қазақта Сабақтың мақсаты



Дата31.12.2019
өлшемі0,56 Mb.
#54435
түріСабақ
Алматы облысы

Талғар ауданы

Бесқайнар ауылы

№20 орта мектеп

«Бекітемін»

Мектеп директоры ________ Г.О.Нүсіпбаева




Абай-дана,Абай-дара

қазақта

«Тексерілді»

Оқу ісінің меңгерушісі_________К.М.Серимбетова

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:

Калжанова Галия Туребаевна

2017-2018 оқу жылы

Пән: Қазақ әдебиеті Сынып: 8 а Күні:06.12.2017 ж.

Сабақтың тақырыбы: Абай-дана,Абай-дара қазақта

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Абай Құнанбайұлының жазба әдебиетінің негізін салушы, ақын, аудармашы, сазгер ретінде таныған білімдерін қорыту.

Тәрбиелік:Өз Отанына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру,адамгершілікке, өнерсүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық 

1) Оқулықпен, қосымша көркем деректерден іздеуге үйрету;Шығармашылықтарын дамытуда оқушылардың белсенділігін арттыруға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға мән беру.



Сабақтың түрі: бекіту сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, мәнерлеп оқу т.б.

Сабақтың көрнекілігі:  кітаптар, суреттер, буклеттер жинағы,аудиотаспа,интербелсенді тақта, т.б;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.(амандасу, түгендеу, сабаққа ден қоюға бағыттау).

Оқушыларды топқа бөлу.



ІV. Мақсат қою кезеңі.Балалар біз Абай өмірі мен шығармашылығымен танысқан болатынбыз.Енді бүгін сол білімдерінді қорытатын боламыз.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі.

1.Абай өмірі және оның қырларын ашу.

1) Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы қазіргі ШҚО Абай ауданында Құнанбай Өскенбайұлының отбасында 10 тамызда 1845 жылы дүниеге келген. Әкесі Құнанбай дәулетті бай, аға сұлтан болып, өмірінің соңында Меккеге барып қажы атанған.

Шешесі Ұлжан сабырлы, парасатты адам болған. Абай білімді 10 жасқа дейін ауыл молдасынан, одан әрі Семей қаласындағы Ахмет Риза медресінде оқып, оның үшінші жылында осы қаладағы «приходская школаға» қосымша түсіп, орысша сауатын ашады. Он үш жасқа келгенде Абайдың әкесі Құнанбай оқудан шығарып алып, оны ел билігіне баули бастады.

Табиғатынан зерек Абай білімін өз бетінше жалғастыруын тоқтатпай, сол кездеге Семей қаласындағы кітапханаға түсетін әдеби басылымдармен тұрақты түрде танысып отырды.

Абай 1876-1878 жылдары Қоныр-Көкше еліне болыс болып сайланады. 1870 жылдары мұнда жер айдалып келген Е.Михаэлис, И.Долгополов, Леонтьев т.б. ақындармен танысып, араласып кетеді.

Абай өлең жазуды он жасынан бастаған, бірақ аға сұлтанның баласына өлең жазу, ақын болу деген қоғамдық пікірде дұрыс қабылданбағандықтан, ол өз өлеңдерін біреулердің атынан шығарып жүрген.

Абай 1886 жылы қырық бір жасында «Жаз» деген өлеңін тұңғыш рет өз атымен жария еткен. Абай Фирдоуси, Низами, Сағди, Хафиз, Науаи, Физули т.б. шығармаларын араб, парсы, шағатай тілдерінде оқыған. Абайдың үш әйелі (Ділдә, Әйгерім, Еркежан ) болған, олардан жеті ұл, үш қыз өсіп-өнген.

Абай өзі ерекше үміт еткен үш баласынан ерте айырылды. Петербургте оқып жүргенде өкпе дертіне шалдыққан Әбіш (Әбдірахман) 1895 жылы, өзіне тартып ақын болған балалары Мағауия мен Ақылбай 1904 жылы бірінен кейін бірі қайтыс болады. Балаларының қайғысы Абайды меңдетіп, ол 1904 жылы дүниеден озды. Жұртқа Абай қазасын естірту мақсатында «Семипалатинский листок» атты газетке 1905 жылы Ә.Бөкейханов некролог жариялады. Ақынның өмірбаяны орыс тілінде жызап Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын Петербургтегі Броганский баспасынан жарық көруге қолғабыс жасаған да Ә.Бөкейханов.

2) Абай - ұлы ақын, ойшыл, сазгер, аудармашы:

а) Абай - ұлы ақын.

1. Ұлы ақынды заман туғызады. Абай қазақтың жаңа реалистік жазбаша әдебиетінің негізін салды. Абайдың шындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Ол-керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері. Абай поэзиясының көкейкесті мәселесі - санаға ойтүрткі салар нақыл, өсиет, өнеге тағылым айту. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» немесе келшешек жастарға, «Ғлым таппай мақтанба, орын таппай баптанда» дейді. Ақынынң жылдың төрт мезгілін суреттейтін «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғытұры» секілді өлеңдерінің әрқайсысы мағынасы жағынан бірдей, құрылысы жағынан әртүрлі болып шыққан.

2. Абайдың өлеңін мәнерлеп оқу.



б) Абай – жазушы,ұлы ойшыл.

1. Абайдың толық жинағында 1890 жылы мен 1898 жылы арасында жазылған бір алуан шығармалары - «қарасөз» деп аталады.

Тарихтық мақала-очерк тәрізді қазақ халқының қайдан шыққандығына арналған дәлелді, деректі қысқа зерттеу шығармасы «Ғақлимат тасдиқат» деген атпен бөлекше көшіріліп жүретін дін, мораль мәселелеріндегі Абайдың бір үлкен ой-толғауы болады.

2. Абайдың отыз екінші қара сөзі:

«Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Әуелі-білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек».

в) Абай - сазгер.

Абай тек ақын ғана емес, сонымен қатар бірге қазақтың халық музыкасын терең білетін сазгер де еді.

Ол өз өлеңдеріне көптеген әндер шығарып, қазақ поэзиясын бұрын болмаған ұйқас түрімен (сегіз, алты тармақ т.б.) байытты. Абайдың әлі күнге дейін айтылып жүрген әңдерінің қатарына «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы» сияқты әндерін айтуға болады.

Мысалы «Көзімнің қарасы ...» - атты Абайдың әні 1891 жылы жазылған, әрқайсысы 4 тармақты 22 шумақтан тұрады. Шығарманың өзекті тақырыбы - махаббат мәселесі.



г) Абай - аудармашы.

1. Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең ірі аудармасы - орыстың ұлы ақыны М.Ю.Лермонтовтың «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы Лермонтовтың «Вадим» атты әңгімесі. Абай аудармаларын зерттеушілер қазіргі орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Қазақ жұртшылығы Пушкин, Лермонтов, Толстой, Крылов т.б. ірі тұлғалармен бірінші рет Абай арқылы танысып, оларды қазаққа өз ақындарындай сүйгізді.

2. Абайдың А.С.Пушкиннен аударған «Татьянаның Онегинге жазған хаты».

ғ) Абай - екі халықтың арасындағы достық пен туысқандықтың жаршысы

«Ұлы ағартушы ақын халықтар арасындағы туысқандық пен достықтың қажет екендігін жақсы түсінді.



Бірақ Абай орыс халқын патша отаршыларынан ажырата білді, өзінің өлеңдерінде қазақ халқына осыны түсіндіруге тырысты»

2.Сергіту сәті. Абайдың өлеңі «Көзімнің қарасы» әнін айту.

3.Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын ауыстыра отырып,бір-бірінің жұмыстарына кері байланыс береді.

4.Абайдың он жетінші қара сөзін тыңдатп,оқушылардың ойын ортаға салу.

5.Оқушыларға толғандырып,бүгінгі сабақ туралы қаншалықты ой түйгендерін білу мақстында «Ойтолғаныс» тапсырмасын ұйымдастыру.

Оқушылардың өз-өздерін бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттері мен білімдерін бағалауы.Топ басшының бағалауы.Мұғалімнің бағалауы.



Не білдім?

Өзіме берер бағам .Қаншалықты өзімді сабақта көрсете білдім?

Өз бойына әлі нені дамыту қажет?

Тапсырмалар орындау кезінде қандай жаңа ой келді?













VІІІ. Үйге тапсырма:

  1. «Абай атама хат»Абайға арнап хат жазу.

2)Абай атамызға арнап өз өлеңін шығару.

1.Топқа бөлу

2.Топ басшысын сайлау

3.Сабақтың мақсатымен таныстыру

4.Топ басшысана бағалау парақшасын тарату.

5.Таймер сайлау

6.Абай өмірі мен қырлары топпен ойлануға 10 минут

7.Сергіту сәті

8.Оқушылардың бір-бірінің жұмыстарын ауыстырып бағалауы

9.Абайдың 17 қара сөзін тыңдату

10.Ойтолғаныс

11.Оқушылардың өзін-өзі бағалауы,топ басш бағалауы,мұғалімнің бағалауы

Оқушыларды бағалау парақшасы



Аты-жөні__Оқушының_өз_бағасы__Топ_басшысының_бағасы__Мұғалім_бағасы'>Аты-жөні

Оқушының өз бағасы

Топ басшысының бағасы

Мұғалім бағасы

Қорытынды баға

1

Аңсар













2

Сая













3

Әли













4

Д.Мәди













5

Жігер













6

Айдана













7

Дана













8

Диляра













9

Аян













10

Аманжол













11

Дариға













12

Х.Мади













13

Валерий















«Ұлы ойшыл,дана ақынымыз -Абай» тобы Топ басшы:



Аты-жөні

Топпен жұмыс

Ойтолғаныс

Абайдың 17 қара сөзіндегі ойын жеткізуі

Қорытынды баға

1
















2
















3
















4
















5
















6
















7




















Абай Құнанбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет