Қала, шаһар — тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен.
Халық саны бойынша шағын қалалар – халқының саны 50 мың адамға дейін; орташа – 50-ден 100 мың тұрғынға дейін; үлкен - 100-ден 1000 мыңға дейін; ең ірі (миллионер қалалар) – 1 миллионнан астам тұрғын.
34. Халық шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымы.
Шаруашылықтың аумақтық құрылымы деп оны аумақтық таксондарға бөлу түсініледі. Әр түрлі деңгейдегі және типтегі аумақтық құрылымдардың бұл түрі (экономикалық аудандар, өндірістік орталықтар мен тораптар және т.б.) экономиканы аумақтық ұйымдастырудың нақты формалары болып табылады.
35. Көлік географиясы: көлік түрлері, типтері, көлік кешені, көлік жүйелері, инфрақұрылымы Көлік географиясы көлік пен тасымалдаудың аумақтық орналасуын, елдер мен аймақтардың жекелеген аумақтық жүйелерінің құрамындағы көліктің даму ерекшеліктерін зерттейтін экономикалық географияның саласы.
Көлік түрлері: құрлықтағы көлік, су көлігі, әуе көлігі.
Құрлықтағы көлік түрлері: Темір жол көлігі: жүк айналымы бойынша (теңіз көлігінен кейін) және жолаушылар айналымы бойынша (автомобиль көлігінен кейін) екінші орынды алады.
Тез дамып келе жатқан құбыр көлігі сұйық, газ тәрізді және қатты өнім түрлерін тасымалдауға қызмет етеді. Табиғи газ, мұнай және мұнай өнімдері құбыр арқылы едәуір көлемде тасымалданады.
Автомобиль көлігі жолаушыларды, сондай-ақ қысқа қашықтықтағы жүктерді тасымалдауда негізгі рөл атқарады.
Су көлігінің түрлері: Теңіз көлігі сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асыру үшін маңызды. Ол барлық халықаралық тасымалдаудың ¾ бөлігін қамтамасыз етеді.
Өзен көлігі кеме жүзетін өзендерді, каналдарды және ішкі су қоймаларын пайдаланады. Әлемдегі ең ірі кеме жүретін каналдар мен су өзен жолдары — жағалау каналы (АҚШ), Ұлы канал (Қытай), Еділ-Кама су жолы (Ресей), Еуропадағы Рейн — Майн — Дунай су жолы.