Қазақстан еншілеген денсаулық сақтау жүйесі және жергілікті медициналық туризмнің дамуы Қазіргі таңда аса назар аударатын және өзекті мәселе – қаржыландырудың аралас, көп арналы жүйелері бар модельдер. Мейлінше икемді бола тұра, ол алдында айтылған екі жүйенің барынша жағымды маңызды жақтарын таба отырып, амалдауға мүмкіндік береді. Осындай жүйенің жарқын мысалы Сингапурдың денсаулық сақтау жүйесі. Сингапурда жеке медицина есепшоттары жүйесі іске асырылған. Сингапурда өмір сүру ұзақтығы (80 жас), ал балалардың өлім-жітімі тіптен төмен. Сарапшылар Сингапур Денсаулық сақтау жүйесі моделінің табысқа жетуі тұтынушылар таңдауының мол еркіндігінің арқасында қамтамасыз етілгендігін айтады. Үкіметтің үлесіне барлық шығыстардың үштен бірі келеді. Бұл - әрбір адам қызмет сапасының төмендеуіне және қымбаттауына жол бермеу үшін өз денсаулығына өзі жауапты деген сөз. Транзакциялар (қаржылық операциялар) үкімет пен сақтандыру компаниялары атынан делдалдар ретінде емес, ал тікелей дәрігер мен пациенттің арасында жүргізіле береді. Сингапур денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттің рөлі жоғары болып қалуда, бірақ осы елде құрылған ынталандыру жүйелері бүкіл жүйенің жоғары сапасын сақтау кезінде мемлекеттік шығыстарды төменгі деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Медициналық қызметтерді сатып алуға пайдаланылуы мүмкін міндетті медициналық қор жинау, сомаларға шектеу қою, азаматтар тарапынан бірлескен қаржыландыруды талап ету, қосымша медициналық сақтандыруды таңдау еркіндігі – осы факторлардың комбинациясы денсаулық сақтау саласында жағымды жағдайларды туғызды. Сингапур денсаулық сақтау жүйесін ДДҰ сарапшылары Тынық мұхиты өңірінде ең үздік деп таныған. Дүние-жүзілік банк, кіріс деңгейіндегі айырмашылықты, демографиялық жағдайды және денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың ағымдағы жүйесін ескере отырып, Сингапурдың денсаулық сақтау жүйесіндегі тәжірибесін қабылдауды ұсынады. Осы орайда 2010 жыл-ғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді.
Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы 191 елдің денсаулық сақтау саласын жете зерттеп, ең үздік деп Францияны атады. Зерттеу мынадай критерийлерге сүйеніп жасалды: тиімділік, қолжетімділік, халық мұқтаждығына сәйкестік. Францияда ең жақсы ауруханалар, ең білікті дәрігерлер, заманауи техникалық жабдықтау және осының бәріне халық толықтай қолжеткізе алады. Екінші орынға Италия мемлекеті орнықса, үшінші, төртінші және бесінші орындарға кішкентай мемлкеттер Сан-Марино, Андора, Мальта табан тіреді. Әрі қарай Сингапур мен Испания орынығып, сегзінші орын Оман мемлкетіне бұйырды. Сондай-ақ, үздік ондыққа Австрия мен Жапония да кірді. Денсаулық сақтау саласына бюджеттен қыруар қаржы бөлетін АҚШ тек 37 орынды қанағат етіпті. БДҰ (ВОЗ) тізімінде біздің Қазақстан 64 орында болса, бұрыңғы кеңес елдерінің ішінен Литва -73, Белорусия -74, Эстония -79, Молдавия -101, Армения -104, Латвия -105, Әзербайжан -109 орындарды иеленді. Рессей болса бұл тізімнің 130-орынына түсіп, 131-орынға Гондурас мемлекеті табан тіреген. Алпауыт Қытайға тек 144 орын бұйырып, осы тізімнің соңғы орнына Сьерра-Леона орныққан.