Медицина –экономикалық табыс көзі. Сонымен Сингапурдың медициналық ғажайыбы қалай пайда болды? 1999-2000 жылдары экономисттер Сингапур үшін табыс көзі болған микроэлектроника бұрынғыдай пайда әкелмейтінін байқайды. Сингапур үкіметі дағдарыстан шығу үшін медицина саласы мен биотехнологияны дамыту туралы ойлады. Осы салаларға көңіл аударудың өзіндік себептері болды. Бірнішіден, биомедицина -әлем бойынша сұраныс артқан сала және сұраныс жоғарлаған академиялық білім болды; екіншіден, биотехнология және медицинаға ірі компаниялар көп қаржы бөлетін болды; үшіншіден, бұл саланың даму мүмкіндігі ұзақмерзімді: өмір сүру ұзақтығы өседі, осыған орай емделуге мұқтаждық туындайды және косметология саласы да дамиды. 2000 жылы Сингапурда биомедицина ғылымдарының бағдарламасы іске аса бастайды. Сингапур алдымен шетелдерден ғалымдарды жинауды қолға алады. Елде технология және зерттеу, ғылым агенттігі , экономикалық даму кеңес қызметін бастайды. Құрамына аты әйгілі ғалымдар және Нобель сыйлығының лауреаттары кіретін Халықаралық консультациялық кеңес те жұмыс істейді. Қысқа мерзім ішінде елде биомедицина дамуын қадағалау жүйесі қалыптасты. Бірақ ғалымдар үшін сапалы деңгейде қаржы және технология тапшылығын көрмей жұмыс жасайтын орта керек болды. Сингапур үкіметі азиялық биомедицина орталығын қалыптастыруды көздейді. Нәтижесінде теңдесі жоқ ғылыми орталық ашылды. Орталықта 9 биотехнологиялық және фармокологиялық бағыттағы институттар жұмыс істейді. Орталықты «Биополис» деп атады. Сингапурда ғалымдар-дың да, медицина қызметкерлерінің де жалақысы жоғары болды. Кейіннен Жапония, Европа, АҚШ-тың ең білікті мамандары Сингапурға жұмыс жасауға кетіп жатты. Қазір Биополис орталығында 4 мыңнан астам ғалым еңбек етеді.
Сонымен мықты ғылыми орталық қалыптасты. Алайда үкіметтің мақсаты мықты ғылыми орталық қалыптастыру ғана емес еді, негізгі мақсат -елдегі экономиканы ғылым арқылы көтеру. 2006 жылы биомедициналық тауарлардың өндіріс көлемі 23 миллиард долларды құрап. Жылдық пайда көлемі 30%-ға жеткен. Бұндай жақсы көрсеткіш Сингапур ғылымының жетістігі ғана емес, салық саласындағы жеңілдіктер үлкен рөл атқарды. Кезінде микроэлектроника саласын нық орнықтырған да салық жеңілдіктері еді. Сонымен жоқ жерден Сингапурда әлемдік деңгейдегі биомедицина дамып шыға келді. Биаполис орталығын қалыптастыру үшін 580 миллион АҚШ доллары жұмсалған. Ал үкімет жыл сайын ғылымның дамуына 600 миллион доллар бөледі екен. Қазір Сингапур жасуша деңгейіндегі зерттеулер бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. Осы елдегі медициналық қызметтер мінсіз жұмыс жасайды. Сингапур медициналық туризмі дамыған ел. Ендігі жоспар 2012 жылы елге келетін «медициналық туристер» санын 1 миллионға жеткізу. Сингапурға шетелдерден емделушілер негізінен көзге лазерлік ота жасату, жүрекке және бас сүйекке ота жасату үшін келеді. Сонымен қатар стоматологиялық көмек, пластикалық хирургия, онкологиялық ауруларды және алкоголизм мен нашақорлықты емдетуге келеді екен. Медициналық туризмге Сингапурда ерекше көңіл бөлінгін. Туризмнің жеке саласы ретінде «медициналық туризм» белгілі клиникалармен қолға алынғын. Сингапурға туристтерден келетін қаржылық пайда өте жоғары деңгейде. Сингапурда емделу АҚШ және европа емделуден арзан. АҚШ пен Германияда емделуден 40%-ға арзан, 60%-ға Ұлыбританиядан арзан. АҚШ-та 160 мың доллар тұратын ота түрі, Сингапурда 12 мың доллар тұрады екен.
Сингапур Клиникалары әлемдегі ең үздік клиникалар қатарына кіреді. Клиникалардың негізгі ерекшелігі –сапалы көпсалалы медициналық қызмет көрсетуге тырысады. Оның үстіне Сингапурда медициналық оңалту (реабилитация) түріне ерекше көңіл бөледі. Сингапурда медбикелер біліктілігіне ерекші көңіл бөледі. Медбикелер өздері дәрі жазып береді. Медбикелер дәрежесі дәрігерден кем емес.
Сингапурда биомедицинаның дамуы, заманауи жабдықтар, соңғы технологиялардан басқа тағы бір ерекшелік бар. Ол –жалпы медициналық қызметтің қауіпсіздігі. Медициналық қызмет қауіпсіздігін мемлекеттік арнайы орган айналысады. Бұл орган медициналық препараттар, техника, қолданатын жабдықтардың қауіпсіздігі, сапасын қадағалайды. Жаңа дәрілердің барлығы мұқият тексеріледі. Қан құю орталықтары жүйелі түрде тексеруден өтеді. Медициналық қызметтің сапасын бұл елде үкімет қадағалайды. Заңнамалық жүйесі жоғары деңгейде жұмыс істегендіктен, кез-келген емделуші өз мүддесінің толықтай қорғалатынын біледі. Жалпысоматикалық госпиталь негізінде әлемде алғаш рет біріктірілген неврологиялық орталық ашылды. Бұл орталық интраоперациялық магнитті-резонансты томография жасайтын жабдық, онкология, нейрохирургия, отоларингология және ортапедиялық хирургияда пайдаланатын нақтылығы жоғары радиохирургия құралы бар. Бұл оталық цифрлі технология негізінде жұмыс істейді. Медициналық көмек көрсетудегі барлық жаңа зерттемелер түрлері бір жерде шоғырланып және цифрлі технологиямен біріккені алғаш рет. Жаңа инфраструктура дәрігерге кез-келген ақпаратты қол жетімді етеді, диагностикадан оңалту процесіне дейін дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Аталған орталық атауы Неврологиялық Біріктірілген Операция-лық орталық. Жалпысоматикалық және неврологиялық орталық «интелектуалдық емдеу жүйесін» әлемде алғашқы болып қолдананған мекемелер. Джозеф Вудмен «Пациенты без границ» кітабында медициналық туризм туралы жазады. Ол 7 жыл бойы әр елдегі медициналық қызметті зерттеп, салыстырған. Джозев Вудменнің пайымынша ең үздік медицина Сингапур елінде.«Медициналық қызметтің көпсалалығы, арзандығы, мамандар біліктілігі –Сингапур медицинасының үздік болуының себебі» дейді