Еңбектің халықаралық бөлінуі – әлемдік экономикадағы орны мен дамуына қарамастан, елдер арасындағы өндірістік, ғылыми-техникалық, сауда және басқа да ынтымастық, білім, технология, тауар мен қызмет көрсету салаларының халықаралық айырбас жасауларының шын материалдық негізі.
Еңбектің халықаралық бөлінуінің негізі екі процестің бірігуімен айқындалады – өндіріс процесінің ажырауы және одан әрі бірігуі. Еңбектің халықаралық бөлінуінің негізгі мазмұны – кейбір елдердің әрқилы еңбек түрлерінің мамандырылуы мен әрі қарай бірлесуі, бір-бірін толықтыруы. Еңбектің халықаралық бөлінуі қоғамдық еңбектің шығын азайту құралы, әлемдік және ұлттық өндірістік күштерді оңтайландырудың негізі болып есептеледі, салалық және аймақтық елдік деңгейдегі оңтайлы халықаралық өндіріс қатынастарды құруға ықпал жасайды.

Қандай да топтардың ішінде кәсіпорындар арасындағы айырбастың жүруіне байланысты еңбектің халықаралық бөлінуінің келесі пішіндері пайда болады – ішкісалалық, салааралық, түраралық.