Әлемдік және ұлттық діндердің ерекшеліктеріне талдау жасау



бет1/3
Дата22.12.2023
өлшемі8,72 Mb.
#198501
  1   2   3
Байланысты:
әлемдік діндер
research 1 seminar, 1 сын. Матем. 33-36 сабақ (3)

Әлемдік және ұлттық діндердің ерекшеліктеріне талдау жасау.

  • Әлемдік діндер - қазіргі дінтануда буддизм, христиандық және исламды әрқайсысына тән белгілеріне сай жинақтап көрсету:
  • а) қазіргі кезде бір аймақтан немесе құрлық аумағынан шығып, кең таралуына орай;
  • ә) осы діндердің кез келгеніне кіруге тайпалық, рулық, этноұлттық және кастакландық шектеулердің болмауы;
  • б) діннің негізін қалаушылардың рөлі (Будда, Иисус Христос, Мұхаммед);
  • в) діни-наным ырымдарының салыстырмалы түрде қарапайымдылығы;
  • г) діни уағыздарында жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануды наным-сенімнің аса маңызды көрінісіндей бағалау;
  • ғ) бұл діндердің ресми құжаттарында, мойындалған дінбасыларының уағыздарында дінаралық сыйласымдылыққа, ұстамдылыққа, өркениеттің ғаламдық мәселелерін бірлесіп шешуге шақыратын үндеулердің болуы шарт және дінге сенушілердің осы діннің саясатын қолдауға шақыратын мерзімдік іс-шаралары өткізіліп отырылуы керек.

Дүниежүзілік діндер

Әлемдік

  • Ислам
  • Христиан
  • Будда

  • Индуизм
  • Конфуций
  • Даосизм
  • Синтоизм
  • Иудеизм

Ұлттық

Буддизм діні және оның саясаты

  • Буддизм - [санскритше - buddha күнәдан арылған, әулие] - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т. Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Даналардың үш қат қауашағы") баяндалған. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттва - құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол важраяна деп аталады. Азияның көптеген елдерінде Буддизм қазіргі кездің өзінде қоғамдық және жалпы мемл. өмірге елеулі ықпал етіп отыр. Бұл елдердің бірқатарында Буддизм мемлекеттік дін болып есептеледі. Империалистер Буддизмнің ықпалын ескере отырып, бүл дінді өзінің реакцияшыл саяси мақсаттарына пайдалануға тырысады. Соңғы он жылдықта необуддизм немесе метабуддизмнің бірқатар жаңа бағыттары пайда болды. Қазіргі уақытта будда ұйымдары Азия елдерінде әртүрлі әлеуметтік рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет