Әлемдік ландшафттану мәселелері



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата05.12.2022
өлшемі9,13 Mb.
#161377
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әлемдік ландшафттану мәселелері (1)
Балалар аурулары 6кжтд (қаз)
Климаттың өзгеруi 


Атмосфералық ауаның ластануы табиғи және антропогендік жолдармен жүреді.
Табиғи ластану көздері: космостық шаңдар вулкандардың атқылауы, теңіз суларының булануы, тау жыныстарының шайылуы, топырақтың
ұшуы, орман, дала өрттері т. б.
Антропогендік ластану көздері: өндірістік орындар және транспорттар, ауыл шаруашылық, құрылыс және тұрмыс обьектілері. Антропогендік
ластану барлық ластану көздерінің 5% құрайды. Антропогендік ластағыш заттардың химиялық құрамы күрделі, улы, әрі қауіпті.Озон қабатын
қорғау туралы Вена конвенциясына және Озон қабатын бүлдiретiн заттар жөнiндегi Монреаль хаттамасына сәйкес қабылданған реттеу
бойынша шаралар озонды бүлдiрушi заттар өндiрiсiнiң 1986 жылмен салыстырғанда 85%-ға қысқарылуына ықпал етті. 
Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0,004%-ды құрайды. Стратосферада (10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы 2-4 мм-ді құрайтын
қабат. Атмосферада электр зарядтарының, Күннің ультракүлгін радиацияларының әсерінен оттегінің молекуласынан (02) озон молекуласы
(О3) түзіледі. Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарасы болып есептеледі. Одан жоғары орналасқан қабаттарда тіршілік нышаны
білінбейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына (6500 есе)
байланысты озон қабатын «қорғаныш қабаты» деп те атайды. Озон қабатының 50%-ға бұзылуы ультракүлгін радиацияларды 10 есеге
көбейтеді. Озон қабатынан күннің ұзын толқынды ультракүлгін сәулелері (290-380 нм) өтіп кетеді. Біраз мөлшерде тіпті бұл сәулелер адам
үшін пайдалы да: терімізді қарайтып күйдіреді, организмнің қорғаныштық қызметі артады. Тал түсте ультракүлгін сәулелердің
концентрациясы көп болғандықтан, күнге күйіп қыздырыну процесін шаңқай түске дейін жүргізген жөн.
Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне,
мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді. 
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша дамыған елдердің 20% әртүрлі формалы аллергиялық аурулармен ауырады
екен. Ауадағы шаң концентрациясының жоғары болуы да – өкпе ауруларының бір себебі.
Ауа бассейнінің негізгі ластаушыларына күкірт оксидтері, күкірт сутек, көміртегі оксидтері, азот оксидтері және күл мен күл-қоқымдар
ретіндегі қатты бөлшектер жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет