Қышқылдық жаңбырлар
Қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғаудың
негізгі, нысаналық облыстарын бөлуге болады:
қоршаған ортаға зиянды әсер етуді шектеу; табиғи
ресурстарды
нысаналы
пайдалану
режимінің
экономикасын белгілеу; табиғи ескерткіштер мен
резерваттарға халықаралық қорғауды белгілеу және
жүсеге асыру; мемлекеттін қоршаған орта мәселесіне
қатысты ғылыми-техникалық құрылысын реттеу.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
ТҮСІНІГІ, ҚАҒИДАЛАРЫ
Қоршаған ортаны қорғау халықаралық қағидалары:
1) мемлекеттік шекарадан тыс қоршаған табиғи орта бүкіл адамзат игілігі болып табылады. Бұл қағида 1967ж. ғарыш туралы Келісімшартта (ІХб.),
1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясында (континенталдық шельфтің шегінен тыс кеңістік пен теңіз түбінің қорларына қатысты) (ХІ
бөлімі) бекітілген.
2) Қоршаған ортаны және оның компоненттерін зерттеу және пайдалану еркіндігі. Барлық мемлекет және халықаралық үкіметаралық ұйымдар
қандайда болмасын дискриминациясыз қоршаған ортада құқыққа сай бейбіт ғылыми қызметпен айналысуына құқылы. Бұл қағида 1959ж.
Антарктика туралы Келісімшартта (ІІ б.), 1967ж. ғарыш туралы Келісімшартта (2б.), 1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясында (ХІІІб.),
1979ж. Ай туралы Келісімде бекітілген.
3) Қоршаған ортаны ұтымды пайдалану. Табиғи ресурстарды эксплуатациялау барынша тұрақты деңгейде жүзеге асырылуы тиіс. Мемлекеттер
табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу бойынша тиімді шараларды жүзеге асыруға міндетті. Бұл 1958ж. ашық теңіздің балық алу және оның
тірі ресурстарын қорғау туралы Конвенциясында; 1973ж. жағалу қауіпі төнген жабайы фауна мен флораның түрлерінің халықаралық саудасы
туралы Конвенцияда; 1979ж. көшіп-қонушы түрлерін қорғау бойынша Конвенция;
4) Қоршаған ортаны ластауды болдырмау. Қоршаған ортаны зерттеу және пайдалану кезінде мемлекеттер тосинді және өзге де заттарды
қоршаған ортаның заласыздандыру мүмкндігінен асып кететіндей мөлшерде және концентрацияда шығармаулары тиіс. Бұл қағида 1979ж. үлкен
арақашықтықта ауаны трансшекаралық ластау туралы Конвенцияда, 1982ж. теңіз құқығы бойынша Конвенцияда (ХІІ бөлімде), 1972ж. теңізді
қалдықтар мен басқа да материалдарды төгумен ластауды болдырмау бойынша Конвенцияда, 1977ж. әскери немесе табиғи ортаға кез келген
өзге де ықпал ету құралдарын қастықпен пайдалануға тыйым салу туралы Конвенцияда және т.б. халықаралық келісімшарттарда қарастырылған.
5) Қоршаған ортаны зерттеуде және пайдалануда халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу. Қоршаған ортаны сақтаумен байланысты
халықаралық проблемаларды барлық елдердің ынтымақтастығы, тең құқылық және өзара пайда негізінде шешу қажет, сондай-ақ қоршаған
ортаға жағымсыз әсерлерді және табиғи қорларды өңдеп шығаруды азайту және болдырмау мақсатында шешу қажет. Бұл қағида қоршаған
ортаны халықаралық қорғаудың негізгі қағидаларының бірі болып табылады және барлығына дерлік келісімшарттарда бекітілген, мысалы, 1976ж.
Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіндегі табиғатты қорғау туралы Конвенцияда; 1980ж. Антарктиканың теңіздік тірі ресурстарын сақтау туралы
Конвенцияда, 1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясында бекітілген.
6) Қоршаған ортаның сақталуы үшін халықаралық жауапкершілік. Қоршаған ортаны және оның компоненттерін зерттеуде және пайдалануда
мемлекеттермен бірге халықаралық ұйымдар, заңды тұлғалар, қоғамдық ұйымдарда қатысуы мүмкін. Бірақта кез келген жағдайда да қоршаған
ортаға зиян келтіргені үшін тек мемлекеттер ғана тартылады. Бұл қағида 1982ж. теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясында, арнайы
конвенцияларда, мысалы, 1963ж. ядролық зиян келтіргені үшін азаматтық жауаптылық туралы Вена Конвенциясында, 1981ж. ядерлік
материалдарды теңізде тасымалдау облысындағы азаматтық жауаптылық туралы Конвенцияда бекітілген.
|