Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе стихиялы түрде XIX ғасырда өнеркәсіптік революциядан кейін, алтын монета стандарты нысанында, яғни алтын монеметализмі негізінде қалыптасты. Ол заңды түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді және осы конференцияда алтын әлемдік ақшалардың бір ғана нысаны ретінде танылды, яғни, алтын ақшаның барлық қызметін бірдей атқарды.
Париж валюталық жүйесі мынадай құрылымдық қағидаларға негізделеді:
әр валютаның езіндік алтынға шаққандағы құрамы белгіленеді (Ұлыбритания - 1816 жылы, АҚШ - 1837 жылы, Германия - 1875 жылы, Франция - 1878 жылы, Ресей — 1895 жылы белгіледі). Алтын құрамына сәйкес валюталардың алтындық паритеті бекітілді. Валюталар алтынға еркін алмастырылды. Алтын дүниежүзілік ақша ретінде пайдаланылды;
нарықтық сұраныс пен ұсынысты ескере отырып валюталарды еркін өзгермелі бағамдарының режимі қалыптасты.
Халықаралық есеп айырысуларға арналған шетел валютасындағы төлем құралдарын девиздер деп атады.
Екінші дүние жүзілік валюталық жүйеге занды түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1922 жылы Генуэз халықаралық экономикалық конференциясында қол жеткізілді.