Валюталардың тұрақтандыру әдісі, олардың кейбір елдерде девальвация түрінде жүрсе, кей елдерде ревальвация түрінде жүргізіліп, кейбір валюталардың (функ стерлинг сияқты) соғысқа дейінгі алтындық құрамы қайта қалпына келтірілді;
Валюталардың тұрақтылығы шетел несиелерінің көмегімен жүзеге асырылды.
Бұл валюталық тұрақтылықта 30 жылдардағы дүниежүзілік дағдарыстың әсерінен құлдырады. 1929—1936 жылдары дүниежүзілік валюталық дағдарыстың басты ерекшеліктері келесідей:
ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзіне дейін болуы.
30 жылдардағы дағдарыс нәтижесінде, Генуэз валюталық жүйесі, өзінің қатысты икемділігі мен тұрақтылығын жоғалтып алды. Сөйтіп, барлық елдің валюталары тұрақсыздыққа ұшырады. Одан кейін жалғасқан екінші дүниежүзілік соғыс Генуэз валюталық жүйесінің дағдарысын тереңдете түсіп, соғыс жылдарында 1943 жылы жаңа дүниежүзілік үшінші валюталық жүйенің жобасы жасалды.