Әлемге әйгілі ескерткіш



Дата15.09.2017
өлшемі93,47 Kb.
#32640
Әлемге әйгілі ескерткіш

(тарихи танымдық кеш)



«Ерлік ұмытылмақ емес.Қарашадай неміс қызын ажалдан арашалаған кеңес солдаты бүкіл адамзат баласын фашизмнің құлдығынан құтқарушы «Азаттық жауынгерінің» кейіпіне еніп,кейінгі ұрпақтың мәңгі есінде қалды...».

Сабақтың мақсаты:Аты аңызға айналған әлемге әйгілі,дерегі аз,кеңес солдаттарының ерлігін паш ететін,бүкіл адамзат баласын фашизмнің құлдығынан құтқарушы Берлин қаласындағы Трептов паркіндегі «Азаттық жауынгерінің» ескертікіші туралы тың мәліметтер беру.

Тәрбиелік міндеті ; Ұлы Отан соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге, батыр ұлдардың есімдерін мәңгі есте сақтауға , құрметтеуге тәрбиелеу . Азаматтық - эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілігі: «Азаттық жауынгерінің» картинкасы,Отан,туған жер,ерлік,елдік туралы нақыл сөздер мен ел тарихын бейнелейтін суреттер, «Батыс майданы» деген карта-сызба қосымша тарихи әдебиеттер,газет-журнал материалдары.

«Біздің тағы да бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз-қазақстандықтарды отансүйгіштікке тәрбиелеу...

Жастарды Отанды,туған жерді, өзінің туған халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімінің аса маңызды аса жауапты да қадірменді парызы»

Н.Ә.Назарбаев

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Негізгі бөлім

1-жүргізуші: Ерболат Индира

2-жүргізуші: Бакытбеков Ербол

(Әрбір қысқаша тарихи оқиғалардың мазмұнынан кейін 7,8,9-сынып оқушыларының орындауында ән, өлең, би беріліп отырды)

Жоспар:


  1. Азатттық жауынгері туралы аңызға бергісіз оқиға

  2. Сәулетші Я. Белополский мен Е.Вучетичтің жобасы

  3. Қазақстандық Иван-Одерченко өмірінен

1 – жүргізуші;

Қазақстан – көк байрақты нұр едің,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің қуанышым , бақытым,

Өзің менің мақтанышым, тірегім.

Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағың сан ғасыр.

Жас ұландар , берік ұста туыңды,

Жарқыратып туған елдің таңбасын.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.



  • Сөз кезегін мектеп директоры Нұрмағамбетова Айман Жаппарбердіқызына береміз.

2 – жүргізуші;

Отан алдындағы қасиетті борышын ерлікпен, батырлықпен атқарған және Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан ержүрек, батыр ағаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Тарих парақтарына үңілсек ...

Кіріспе

(тарих –география пәнінің мұғалімі Шондай Юра)

Құрметті ұстаздар , оқушылар бүгінгі «Әлемге әйгілі ескерткіш» атты тарихи танымдық кешімізді тарих парағының бір басында жатқан мағлұмат аз кездесетін деректі негізге ала отырып бүгінгі сыныптан тыс шараны өткізгелі отырмын. Оған себеп Берлин қаласындағы «Азаттық жауынгері»ескерткіші мәтінмен танысуым және «Егемен Қазақстан» газеттерінде осы ескерткіш туралы жазылған кейбір деректер себеп болды. «Азаттық жауынгері»ескерткішінің прототипі туралы Егемен Қазақстан газетінде жазылған мәліметтер менің осы сыныптан тыс жұмысты жүргізуіме себеп болып қатты қызығушылығымды оятты.

1946 жылдың басында КСРО Үкіметі Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының өшпес ерлігін бейнелейтін еңселі ескерткіш орнату жөнінде шешім қабылдады.Осыған байланысты «тарихи оқиғаны» бүгінгі сабағымыздың арқауы етпекпіз.Бұл материал мектеп бағдарламасында болмағандықтан мұндай елеуге тұрарлықтай ерекше дәйектер мен деректерді ауық-ауық еске алу артық етпейтін секілді... сондай-ақ тарих қайталауды сүйеді.



1 – жүргізуші:

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған тарихи танымдық кешімізді бастаймыз.

Адамзат тарихындағы ең қанды қырғынның аяқталғанына биыл 70 жыл! 1941-1945 жылдары адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік,достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап ерекше ерлік көрсетті.Оның айғағы 500 -ге тарта қазақ елінің қаһармандарына Кеңес Одағының батыры деген абыройлы атақ берілді.Батырлықты , қаһармандықтың үлгісін батырлардың батыры Бауыржан Момышұлы көрсетті.

Болмасын еш уақытта соғыс деген,

Артпасын адамзаттың бейіттері.

Ұмытылмас қара жерді қоныс көрген,

Сірә,соңғы соғыстың шейіттері.

9 –сынып оқушысы Бахытбеков Ербол

Ән - «Атамекен»

2 -жүргізуші:

Қымбатты ұстаздар мен оқушылар!Бүгінгі тарихи танымдық кешіміздің негізгі арқауы болған әлемге әйгілі «Азаттық жауынгері» ескерткішіне арналған дәйектер мен деректерімізді әрі қарай жалғастырсақ... Бүгінгі таңда Берлин - барлық әлем көз тігіп отырған қалалардың бірі. Берлиннің Трептов паркінде асқақтап тұрған «Азаттық жауынгерінің»

түр-тұлғасын майталман мүсінші Евгений Вучитич Қазақстандық Иван Одерченкоға қарап отырып сомдаған.

(үнтаспаға түсірілген әуендер орындалуда.)

Адамзат тарихындағы ең қанды қырғынның аяқталуына санаулы ғана күндер қалған.Соғыстың соңғы сәттері...Қиян-кескі ұрыс қызған қиямет - қайым кездердің бірінде 220 - гвардиялық атқыштар полкінің қатардағы жауынгері Николай Масалов маңдай алдарындағы Ландвер каналы арқылы қарсы бетке өтетін көпір үстінде үш-төрттер шамасындағы неміс қызының шырқырап жылап тұрғанын көрді.



1-жүргізуші:

Жанында жайрап шешесі жатыр.Жан түршігерлік көріністен жанары жасқа шыланған жас жігіттің ойланып жатуға мұршасы келмеді.Жүз күдік жайлаған санасында жалғыз үміттің сәулесі жарқ ете қалды «Қалайда құтқару қажет!».Содан соң жан-жақтан қарша бораған қалың оққа қарамай анасының жансыз денесін айналсоқтап аңыраған бейшара сәбиді бетке алып жүгіре жөнелді

Енді оның кеткен ізімен кері қайтуы екіталайтұғын ..

2-жүргізуші:

Алайда «Қырық жыл қырғын болсада,ажалды өледі» деген.Әлдебір құдіреттің күшімен бұлар аман қалды.Құшағындағы құртақандай жетімекті санитарлық бөлімге өткізген ол қайтадан қолына қару алып атыс шабыстың ортасына оралды.



  1. жүргізуші:

Николай Масалов гитлерлік Германия тізе бүккеннен кейін Кузбасс өңіріндегі туған кентіне келген.Ол ел қатарлы еңбек етіп, қарапайым ғұмыр кешті.Ешкімге ерлігін айтып,кеуде керіп көрмеген қарт сарбаз 2001 жылы өмірден қайтты.

Ұрпақ үні ғасырларға жалғасар

Ат тұяғын әрқашанда тай басар.

Орыс халқының әні – «Смуглянка» орындалады.



1-жүргізуші:

«Азаттық жауынгері» ескерткішін жасауға жарияланған конкурсқа елуге жуық авторлық ұжымдар қатысты.Жеті рет өлшеп,бір рет кескен әділқазылар мүшелерінің таңдауы сәулетші Я.Белопольский мен мүсінші Е.Вучетичтің жобасына тоқтады .Шығармашылық жұмыстың талай «шыжығына» шыдап баққан Евгений Викторовичке тұла бойы «Азаттық жауынгерінің» айшықты жауынгерлерінің белгілеріне тұнып тұрған келісті кейіпкер табу тым қиын еді.

Күндіз күлкіден ,түнде ұйқыдан айырылып Берлиндегі бүкіл әскери бөлімдерді аралап шықты.Алдынан небір атан жілікті азаматтар өтті.Бірақ солардың бірде біреуі ұнамай-ақ қойғаны...

2-жүргізуші:

Біз қазақтың ұрпағымыз өр кеуде,

Әрқайсымыз лайықты ер деуге.

Ант етеміз замандастар атынан,

Жер ананы өрт жалынға бермеуге.

«Дос ерлігі» әні орындалады

1-жүргізуші:

Мүсінші қиялына орыс ертегілеріндегі екі иығына екі кісі мінгендей,аяқтарын балпаң-балпаң басқан еңсегей бойлы батырлар келеді.Ал мыналар мүсіншінің қиялын тербеген баһадүрлердің қолына су құюға жарамайды.Бастаған шаруасы алға баспаған басы қатқан Вучетич біраз сергіп қайту үшін спортшы-жауынгерлер жарысын тамашалауға келеді.

Кенет...кроссқа жүгірушілер ішінен шиыршық атып жүрген еңгезердей жігітті көргенде қатты қуанып кетті.

«Құдайым-ау,табанымнан таусылып іздеген жанды таптым-ау ақыры...»



Көрініс:

«Мүсінші мен жауынгер»

Автор сөзі:Екі езуі екі құлағына жеткен Евгений Викторович бірден әлгі «желаяқтың» жанына жетіп барды да әй-шайға қарамай сұрақтың астына алды.

-Аты-жөнің кім?

-114-нші гвардиялық әуе-десанттары дивизиясының жауынгері Иван Одарченко.

-Майданға қашан кірдің?

-1944 жылы.

-Соғыстың соңғы нүктесін қайда қойдың?

-Прагада

-Қай жақтансың?

-Қазақстаннан...Атбасар қаласының тумасымын.

-Жарайсың бауырым! Сен маған керексің!

-Түк түсінсем бұйырмасын.

-Сіз кімсіз?

-Мен мүсінші Вучетичпін.Өзің сияқты майдангермін...

2-жүргізуші:

Тағдырлары тоқайласан екеуі,міне осылай танысты.

Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілісін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай,ән шырқамай,

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.

Күй - «Көңіл толқыны»



1-жүргізуші:

Онда Е. Вучетичтің есімі белгісіздеу еді.Атақ даңқының аспандайтын уағы алда – тын...

Ол Иванды өзінің шеберханасына ертіп келді . Осы күннен бастап екеуінің күнді – түнге , түнді таңға ұластырған жанкешті жұмыстары басталды. Соның нәтижесінде сол қола мүсін күллі әлемге әйгілі өнер туындысына айналды.

2 –жүргізуші:

Әр қазақтың есінде сақталады,

Ұлы Отандық өрендер жатталады.

Ер намысын қорғаған жауынгерлер,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Ән - « Әлия »



1 – жүргізуші:

Елбасына екіталай күн туғанда етігімен су кешкен Иван Одарченко азаматтық борышын өтеген соң кіндік қаны тамған Атбасар өлкесіне қайта оралды. Бірақ кейін дәм – тұз тартып Ресейге қоныс аударды. Қазір жерлесіміз Тамбов қаласында тұрады.

Иә, түр - тұлғасын төрткүл дүние танитын ескерткіш адамының Қазақстандық болуы шынында да мақтан тұрарлықтай жағдай.Бүгінде елімізден жырақтау кеткен қарт майдангердің өмірі ұрпаққа үлгі боларлықтай қалай болған да ол Қазақстаннан ұшқан қыран ғой !

2 – жүргізуші:

Оқ борайды күн – түні,

Жапты жерді от қарып.

Алға қарай ұмтылды,

Батыр қазақ Тоқтаров.

Опасыз жаулар тапталды,

Қасиетті жер үшін,

Қастерлеген ел үшін,

Әлия ,Мәншүк, Төлеген

Жаулардың көзін жойды олар.

Ән - «Мәншүк»

1 – жүргізуші:

Бүгінгі күні ақыл - парасаттың үстемдік тануы арқасында кеңес жауынгерінің ерлігін паш ететін мемориалдық кешен мұнда мемлекет қамқорлығына алынған. Оны күтіп баптау үшін Берлин сенаты жыл сайын 1 миллион еуро бөліп тұрады.



2 – жүргізуші:

Қоршауды бұзып тәсілмен, жауынан ешбір саспаған,

Батальон,полк, майданда дивизияны басқарған.

Орысша және қазақша естелік жазып соғыста,

Елім деп соққан жүрегі, тіліде таза сақталған.

Қаһарман,жазушы ақын, дана азамат,

Бауыржан Момышұлы ел айбыны.

Ән - «Катюша»



1 – жүргізуші:

Жұрттан озған ел боламыз сеніңіз

Тәуелсіздік алған біздің еліміз.

Соғыс болмай жер бетінде барша адам,

Бейбіт күнде тек бақытты көріңіз.

2 – жүргізуші:

Аналардың тілеуінде - бейбітшілік,

Бөбектердің жүрегінде – бейбітшілік.

Балдырғанның бал тілінде – бейбітшілік,

Көгершін боп қалқы күнде - бейбітшілік.

Соғыстың өрті жанбасын,

Сәбилер жетім қалмасын!

Есігінде әр үйдің,

Бесігінде сәбидің,

Мәңгілік бақыт орнасын.

Болмасын соғыс , болмасын!

«День Победы» мұғалімдер хоры.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Сыныптан тыс жұмыстар журналы 2010-2015

  2. Алғашқы әскери дайындық пәніне арналған журнал 2010-2015

  3. «Егемен Қазақстан» газеті 2009-2010

  4. Мектептегі мерекелер журналы 2010-2015

  5. Күнделікті тәрбие сағаттарына арналған газет-журналдар, материалдар.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет