«Әлеуметтану және саясаттану» пәні бойынша дәріс жинақтары-Шымкент: ОҚМУ, 2019



бет65/99
Дата04.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#130694
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   99
Байланысты:
социология лекция
27.04 5т, План декады - 2022[1] а
Тақырып 11. Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері
Дәріс 11
Қарастырылатын мәселелер


1. Саяси биліктің мәні, оны анықтаудағы түрлі әдістер (бихевиористік, телеологиялық, жүйелік, релятивистік).
2. Саяси биліктің объектісі мен субъектісі, қайнар көздері, қорлары.
3. Билікті жүзеге асырудың түрлері мен әдістері.
4. Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.
1.Билік - саясаттанудағы негізгі түсініктердің бірі. Оны саяси құрылым, саяси қозғалыс ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар саясатты түсінудің кілті деуге болады. Билік түсінігінің анықтамасы, оның мәні мен сипаты мемлекет пен саясаттың табиғатын танудың маңызды шарты. Билік бүкіл қоғамдық қатынастарда саясат пен саяси қатынастарды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан қазір тәуелсіз, дербес мемлекет болып өз алдына отау тігіп, өз саясатын жүргізіп жатқан кезде ел билеудің, билікті іске асырудың баламалы мүмкіндіктерін жан-жақты ойластырып жатқан кезде, жастарымызды билік туралы ұғым түсініктердің қыр-сырымен қаруландырудың маңызы зор. Осыған орай осы оқу құралында бұл мәселенің тоериялық тұстарын жұртшылық назарына ұсынбақпыз.
Билік туралы түсінік күнделікті өмірде, ғылыми әдебиетте кеңінен қолданылады. Мәселен, фәлсафашылар ол туралы қоғамдық биліктің объективті заңдылығы, әлеуметтанушылар әлеуметтік билік, экономистер-шаруашылық билік, саясаттанушылар саяси билік, жаратылыстанушылар табиғатқа деген билік, психологтар-адамның өзіне деген билігі, ата-аналар отбасы билігі, діндарлар тәңір билігі туралы айтуға бейім тұрады. Сонымен қатар құқық, атқарушы, қазы биліктері туралы түсінік бар. Сонымен билік дегеніміз не? Қазіргі ғылыми әдебиетте биліктің бес анықтамасы бар:
Бихевиористік анықтама бойынша, билік адамдардың мінез-құлқына әсер ету мүмкіндігіне негізделген айрықша мінез-құлық түрі болып табылады.
Теологиялық анықтама бойынша, билік құдайдың күшімен түсіндіріледі.
Инструменталистік билік анықтамасы бойынша билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады, мәселен зорлық, күштеу т.б.
Структуралистік билік анықтамасы бойынша, билік жүргізушілер мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.
Конфликтілік билік анықтамасы бойынша иеліктерді даулы жағдайларда бөлісуді үйлестіру құралы ретінде түсіндіріледі.
Жалпы алғанда билік дегеніміз тап, әлеуметтік топ мемлекет, жеке адам т.б тарапынан өзіндік ерік жігерді іске асырудағы қабілеттілік пен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел, күштеу құралдары арқылы әсер ету деп түсіндіруге болады. Бұл анықтама биліктің мәнін қайсыбір субъектінің өз мүмкіндіктері арқылы өзінің ерік-жігерін түрлі саяси әлеуметтік қатынастардағы алатын қасиеттері негізінде ашатын билік жөніндегі Вебердің белгілі анықтамасына өте жуық.
Ғылыми әдебиетте кеңінен белгілі американ саясаттанушысы Г. Саймонның пікірі де осыған саяды. Ол билікті былай деп түсіндіреді: Егер В-ның мінез-құлқын А өз талаптарына бағындыра білсе, В-ның үстінен А билік жүргізеді . Демек билік оның барлық анықтамасында өз ерік-жігерін әртүрлі(бедел, заң, күштеу) құралдары арқылы іске асыру тәсілі мен мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі.
Қоғамдық қатынаста биліктің пайда болуы мен жүзеге асырылуына төмендегідей бөлшектердің болуы шарт:
Кем дегенде билік қатынасының жеке адамдар немесе топтан тұратын екі өкілі болуы керек;
Билікті жүзеге асырушының бағынбаған жағыдайда жазалау шараларын қолданатындығыжөніндегі бұйрығы болуы тиіс
Билікті жүзеге асырушыға билікке бағынатын адамдардың илануы керек.
Бұйрық берушінің оған құқы бар екендігін айқындайтын қоғамдық ережелердің болуытиіс, ал бұл бұйрықтың кімге қатысты болса, оның билікті жүргізушіге бағынуға міндеттілігі айқын болуы тиіс.
2. Билікті жіктеудің негізгі белгілері төмендегідей:
қызметі саласы бойынша (саяси, идеологиялық, әлеуметтік, экономикалық т.б.);
деңгейінің көлемі бойынша (мемлекеттік, халықаралық т.б.);
билік субъектісі бойынша (таптық, партиялық халықтық және бастық мәселен президенттік, әке билігі, ұстаз билігі т.б.);
Құрылымдық – формальдық белгілері бойынша (институттық, институттық емес, жеке билік жүргізу, екі жақты немесе көп жақты жүргізу );
Жүзеге асыру тәсілі бойынша (үстемдік, күштеу, мәжбүр ету, сендіру);
Билік жүргізушінің билік ету шеңбері бойынша (жеке билік жүргізу, коллегиялық топтық басқару);
Басқару тәртібі бойынша (қаталдық, беделдік, демократиялық, бюрократиялық).

Кесте № 2. Биліктің негізгі түрлері, жүзеге асу құралдары, басқару мен іске асу формалары





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет