7.Саяси режимдердің түснігі мен түрлері. Тоталитаризм и авторитаризм ерекшеліктері •Саяси режим дегеніміз – саяси биліктің заңды түрде жүзеге асырылуы, қоғамды басқарудың (билікті жүзеге асырудың) әдіс-тәсілдерінің жиынтығы,азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтамыз.•Саяси режимнің белгілері:-қоғамдағы саяси күштер мен саяси институтардың қарсытұруы немесе келісімі;- қоғамдағы ақырғы саяси ахуал (жағдай);- билікті жүргізудің әдіс-тәсілдері;-қоғaмдағы демократияның деңгейі;
Тоталитаризм•Тоталитаризм– қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылым.•Тоталитаризмнің үш түрі ХХ ғасырда болған. Олар: Италиядағы Муссолини кезіндегі фашизм, Германиядағы Гитлер кезіндегі национал-социализм және Кеңес Одағындағы Сталин негізін салған коммунизм.
Коммунизм •Тоталитаризмнің алғашқы тарихи формасы коммунизм болды. Оның бастамасы ретінде 1918 жылы қабылданған әскери-коммунистік жүйе болды. Коммунистік тоталитаризм бұл жүйенің негізгі келбетін сиптаттайды.Бұл жүйеге сәйкес жеке меншікті толықтай жою, сонымен қатар тұлғаның дербестігін сақтамау тән.
Фашизм •Бұл жүйе ең алғашқы рет Италияда 1992 жылы орнатылған.Тоталитарлық келбет бұл жүйеде толықтай қамтылмаған. Италияндық фашизм тек жаңа қоғамды құруды мақсат еткен жоқ, сонымен қатар тәртіп және қатал мемлекеттік билікті орнатуды мақсат етті.
Национал-социализм•Бұл жүйе 1933 жылы Германияда орнатылған және коммунизммен қатар фашизмдік келбетті тоғыстырған. Егер коммунистік жүйеде агрессия елдің ішіндегі азаматтарына бағытталса, ал национал-социализмде сыртқа бағытталған.
Авторитарлық режим•Авторитаризм– бір адамның ( президенттің , монархтың , премьер-министрдің ) немесе адамдар тобының (мысалы, саяси партия ) жойылмайтын орталықтандырылған билігіне негізделген демократиялық емес саяси режимнің түрі. экономикалық , азаматтық және идеологиялық бостандықтардың белгілі бір деңгейін сақтау .
Авторитарлы тәртіп түрлері. •Авторитарлық-бюрократиялық режим. Мұндай режим саяси дағдарыс жағдайында пайда болады. Ол, әсіресе саяси өзгерістерді басынан кешіріп отырған өтпелі қоғамдарға тән. Режимнің ең маңызды саяси міндеті – қоғамдағы саяси тұрақтылықты сақтау мен әлеуметтік дағдарыстың таптардың, этникалық, әлеуметтік топтардың ашық теке-тіресіне ұласып кетпеуін қадағалау. Мұндағы негізгі ұран: саясатпен айналысу қажет емес, тек қана еңбек ету керек. Авторитарлық-әскери режим. Әскери төңкеріс нәтижесінде билікке келген әскерилер қалыптастырған режим. Оған дағдарыстан шығудың жолын іздеу және төтенше, әскери тәртіптерді орнатуға ұмтылу тән.