Әлеуметтану Кредит№1 Әлеуметтанудың және басқа ғылымдардың байланысы



бет13/28
Дата09.09.2023
өлшемі82,78 Kb.
#180592
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
Эссе Аяш[1]

8.Саяси жүйе мен оның типологиясыСаяси мәдениет - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Яғни, ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Демек, оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеттері кіреді. Саяси жүйелер типологиясын Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмүны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:1) либералдық демократия, яғни саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады; 2) коммунистік жүйе, яғни әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды;3) дәстүрлі саяси жүйе, яғни ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;4) дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе, онда авторитарлық басқару белең алады;5) авторитарлы-консервативтік жүйе, онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.
9.Мемлекеттің басқару түрлері, ерекшеліктері Мемлекет нысаны–бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым және саяси режим нысандарынан құралған құрылымдық ұйымдастырылуы.
Басқару нысаны дегеніміз – жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрылысы, олардың құрылуы мен өздерінің арасындағы құзіреттікті бөлу.
Монархия – бұл сондағы басқару нысаны, онда жоғарғы билік бір адамның қолына, әдеттегідей мұрагер ретінде көшеді. Егер монарх мемлекеттік биліктің жалғыз органы болып табылса, бұл монархия шектелмеген деп аталады, ал жоғарғы билік монарх пен басқа бір органның арасында бөлінсе, бұл монархия шектелген деп аталады. Шектелген монархиялар, өз кезегінде, өкілдік (дуалистік) және парламантарлық болып екіге бөлінеді. Өкілдік монархияда монарх атқарушылық билікті жүзеге асыра алады, ол үкіметті құру, министрлерді тағайындау, вето және парламентті тарату құқықтарын иеленеді. Ал парламентарлық монархияда монархтың құқықтық жағдайы әлдеқайда шектелген болады, монарх тағайындаған министрлер парламенттің сенімсіздік вотумына тәуелді болады және монарх заңда көзделген жекелеген жағдайларда ғана парламентті тарата алады. Классикалық монархияның негізгі басқару белгілеріне жататындар: оның билігі мен өмір бойы пайдаланатын жалғыз ғана мемлекет басшысының болуы (патша, кароль, император, шах, сұлтан); мұрагерлік тәртібімен жоғарғы биліктің өтуі; өз қалауымен мемлекеттің өкілеттілігінің болуы; монархияның заңды жауапкершілігінің болмауы.
Әр түрлі тарихи кезеңдерде болған көптеген монархияның түрлерінің болғандығы белгілі. Олардың кейбіреулері біздің қазіргі уақытымызда да өмір сүруге қабілетті. Монархия басқару нысаны ретінде мынадай түрлерге бөлінеді: сеньориалды, сословиялы-өкілеттіліктегі, абсолюттік тежелген (парламенттік), дуалистикалық, теократиялық, парламенттік.
Республика – онда мемлекет басшысы сайланады және ауыстырылады, ал оның билігі халықтың (сайлаушылардың) қалауы бойынша құралған өкілетті органдардың (парламенттің) билігі болып есептеледі.
Республиканы ерекше басқару нысаны ретінде санау көне замандарда (Афины, Спарта, Рим), орта ғасырда (қала мемлекеттері – Великий Новгород, Псков, Флоренция, Геуя, Венеция) болған. Қазіргі кезде республика жоғарғы нысандағы басқару нысаны.
Парламенттік республика – қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың бір түрі, онда жоғарғы билік (жүргізуші рөлдегі) мемлекеттік өмірді ұйымдастыруды парламентке береді.
Мұндай республикада үкімет парламентпен депутат-тардан және парламентте көп дауыс жинаған партиялардың өкілдерінен қалыптастырылады. Үкімет парламент алдында өзінің жұмыстары үшін ұжымдық жауапкершілікте болады. Егер көптеген парламент мүшелерінің сенімінен айрылса үкімет отставкаға кетеді не болмаса мемлекет басшысы арқылы парламенттің таратылуын және тез арада жаңа парламент сайлауының жүргізілуіне қол жеткізеді. Парламентарлық республикалар қатарына мыналарды жатқызуға болады: ФРГ, Грецияны, Италияны, Австрияны және Швейцарияны, Исландияны, Үндістанды, т.б.
Президенттік республика – қазіргі мемлекеттік басқару нысанының бір түрі, онда президенттің жеке басқаруына парламентаризммен қоса мемлекет және үкімет басшысының өкілдігі біріктіріледі (АҚШ, Франция, Ресей, Бразилия, т.б.).
Президенттік республикаға тән нәрсе парламентсіз президентті сайлау және үкіметті қалыптастыру әдісінің болуы: үкіметтің жауапкершілігі мұнда парламенттің алдында емес, президенттің алдында болады. Мұнда мемлекет басшысының өкілдігі, парламентарлық республикаға қараған-да кеңірек болады. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын қалыптастыру мен қызметіндегі көбірек кездесетін ерек-шеліктерге парламенттік және президенттік республи-калардың элементтерінің (бөліктерінің) араласып кетуі. Ондай кезде, аралас республикалық нысандағы басқару деп айтуға болады. Оған көп жағдайда Ресей Федерациясын жатқызады. Президент және парламент халықпен сайланады, заңмен бірін-бірі жоймайтын кең өкілдікпен қаруландырылып біріккен күшпен үкіметті қалыптастырады (президент премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады, парламент оған келіседі не келіспейді). Үкімет осы екі инстанциялардың алдында жауапты (президент оны отставкаға жіберуге мүмкіндігі бар, ал парламент сенбеушілік вотумын хабарлайды. Мемлекет басшысы үкіметтің жұмысын басқарады, ал парламент оның қызметіне тұрақты бақылау жасайды).
Республика–жоғары мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге сайланатын сайланбалы органға тиесілі басқару нысаны. Халықтың қай бөлігінің мемлекеттік биліктің жоғары органдарын сайлауға қатыса алатынына байланысты республика аристократиялық және демократиялық болып екіге бөлінеді.
Демократиялық мемлекеттер, өз кезегінде, төмендегідей түрлерге бөлінеді:1) парламенттік, бұл мемлекетте саяси өмірдегі шешуші рөл парламент сайлаған үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұл мемлекетте сайланға ел басшысы үкіметтің де басшысы болып табылады, сол себепті, ол үкімет мүшелерін тағайындайды және оларды қызметінен босатады; 3) аралас, бұл мемлекетте үкіметті президент пен парламент бірлесе отырып құрайды.
10) Халықаралық қатынас, ұйымдар Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдарға мүше болу және олардың қызметтеріне белсенді қатысу - егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды істерінің бірі. Реформалар жолына түсіп, өркениетті қоғам құруға талаптанып жатқан Қазақстан үшін халықаралық ұйымдардың қызметіне кең көлемде араласу - бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналып отыр. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — елдің кауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-катынастарда аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау. Халықаралық ұйымдар – қазіргі әлемдегі халықаралық әріптестіктің негізгі құқықтық-ұйымдасу формаларының бірі; халықаралық қатынастардың әртүрлі салаларындағы (экономикалық, саяси, мәдени) ерікті ұйымдар.Халықаралық ұйымдардың саны тұрақты түрде өсіп келеді. Егер де ХХ ғасырдың басында 40 үкіметаралық және 180 үкіметтік емес ұйымдар болса, қазіргі кезде олардың саны – сәйкесінше 300 және 500. Ең алғашқы халықаралық ұйым – 1875 жылы құрылған Бүкіләлемдік пошта одағы. Қазіргі заманғы халықаралық ұйымдар: 1) аймақтық ұйымдарЕуропа Кеңесі, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы (АСЕАН), Ислам әріптестік ұйымы (ИӘҰ), Африкандық Бірлік Ұйымы (АБҰ), Американдық Мемлекеттер Ұйымы (АМҰ); 2) экономикалық сипаттағы ұйымдарХалықаралық реконструкция және даму банкі (ХРДБ), Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) және т.б. 3) кәсіби ұйымдарХалықаралық журналистер ұйымы (ХЖҰ), Саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы (СҒХА), Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (ИНТЕРПОЛ); 4демографиялық ұйымдархалықаралық демократиялық әйелдер федерациясы (ХДӘФ), Бүкіләлемдік жастар ассоциациясы (БЖА); 5) мәдениет және спорт саласындағы ұйымдарХалықаралық Олимпиялық комитет; 6) әскери-саяси ұйымдар: Солтүстік Атлантикалық Келісімі Ұйымы (НАТО), Тынық мұхиты қауіпсіздік пакті (АНЗЮС) және т.б.; 7) кәсіподақтық ұйымдар: Халықаралық еркін кәсіподақтар конференциясы (ХЕКК), Бүкіләлемдік Еңбек Конфедерациясы (БЕК) және т.б.; 8) халықаралық ізеттілікті және бейбітшілікті қолдайтын ұйымдар: Бүкіләлемдік бейбітшілік кеңесі (ББК), Венадағы бүкіләлемдік бейбітшілік институты және т.б.; 9) соғыс, табиғи апат құрбандарын қорғау ұйымдары: Халықаралық Қызыл Крест (ХКК); 10) экологиялық ұйымдар: Гринпис және т.б.Халықаралық қатынастар жүйесіндегі ең маңызды ұйым – 1945 жылы әлемдік қауіпсіздік жүйесін қолдау мақсатын құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы. БҰҰ Жарғысында барлық мүше мемлекеттердің егемендік теңдігі, халықаралық даулардың бейбіт жолмен шешілуі, күш қолданудан бас тарту, өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидаттары бекітілген. БҰҰ құрылымы: 1) БҰҰ Хатшылығы (Бас хатшы басшылығымен); 2) Қауіпсіздік кеңесі (15 мемлекет, соның ішінде вето құқығына ие 5 тұрақты мүщесі бар: Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, ҚХР); 3) Бас Ассамблея (ұйымның барлық мүше елдері); 4) бірқатар ұйымдар – БҰҰ-ның құрылымдық бірліктері: Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДСҰ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі бүкіләлемдік ұйым (ЭНЕСКО), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД), Халықаралық балалар қоры (ЮНИСЕФ), Халықаралық сот. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет