Әлеуметтану пәні бойынша дәрістер кешені



бет20/27
Дата16.02.2022
өлшемі348,5 Kb.
#132118
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Байланысты:
лекция Әлеуметтану-1

Бақылау сұрақтары:
Индивид дегеніміз кім?
Тұлға ұғымының мағынасы
Жеке адам қалай түсінесің
Тұлғаның әлеуметтік жағдайы
Әлеуметтік мінез-құлық
Дәріс №9 Этнос және ұлт әлеуметтануы
Жоспар:

  1. Этнос және ұлт. Ұлт түсінігінің екі бағыты.

  2. Қоғамдағы ұлттық және этникалық қарым қатынас.

  3. Ұлт мәселесін шешу жолдары. Ұлтаралық қарым қатынас мәдениеті. Ұлттық саясат. Қазақстан көпұлтты мемлекет.

  4. Ұлтаралық татулық.

Қазіргі жағдайларда ұлтаралық келісім процестерінің шынайы мазмұнын оның барлық күрделілігі мен қарама-қайшылықтығында әлеуметтік-этникалық қауымдастықтардың дамуы тұрғысында талдау ерекше рөлге ие болуда. Осы ретте мынадай парадоксальды жағдай қалыптасқанын айта кеткен жөн. Егер бұрынырақ ғылыми әдебиеттерде және тәжірибелік қызметте біз интернационалдыққа абстрактілі басымдық бере отырып, қоғам өміріндегі ұлттық фактордың рөлін жете бағаламаған болсақ, қазір, керісінше ұлттықты ерекше әсірелейміз, көбіне әлемдік дамудың заңдылықтарының бірі ретіндегі халықтардың бірлесуінің объективті үрдістерін елемейміз немесе маңызын кетіреміз. Сонымен бірге біздің қоғамның келешегі оларды дұрыс тану мен түсіндіруге және халықтар консолидациясындағы ұлтаралық келісімнің рөлін біздің түсінуімізге байланысты. Сондықтан да мен ұлтаралық келісімнің жете зерттелмеген, ерекше маңызды, күрделі, көп қырлы мәселелеріне деген жетік көзқарастың шұғыл түрдегі қажеттілігі туралы пікірге толықтай қосыламын. Ұлтаралық келісімнің қалыптасуы мен дамуы ұлттық мәселені ғылыми түрде шешумен органикалық байланыста. Мұндай келісім ұлттық, жалпы адамзаттық бірліктің негізінде мүмкін болады. Әлбетте, әрбір ұлттың сана-сезімі, өздері жасаған материалдық және рухани құндылықтарға деген ұлттық мақтанышы бар. Яғни, жалпы адамзаттық мазмұнға ие бола отырып, ұлтаралық келісім ұлттық негізде дамиды, өйткені, түпкі ұлттық мүдделер, сонымен бір мезгілде түпкі жалпы адамзаттық мүдделер де болып табылады. Ұлтаралық келісім тек әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар дамуының маңызды факторы ғана емес, сондай-ақ, қоғамның кемелділігі өлшемдерінің бірі де болып табылады. Ол – қоғамның консолидациясының басты бағыты және тату-тәтті тірлік кешкен халықтар арасындағы қажетті берік байланыстардың тұрақты болуының негізі. Біздің тәжірибемізде «ұлтаралық келісімі» деген ұғым жаңа құбылысты білдіреді. Бұл келешектің тенденциясы ғана емес, сонымен бірге бүгінгі күні Қазақстанның, басқа да елдердің өмірінде іске асырылып жатқан шындық. Ұлтаралық келісімі көбіне жалпы тұрғындардың ортақ мәдениетін, ынтымағын қамтиды. Қоғамның жаңарту жағдайында әр түрлі ұлт өкілдерінің саналы және біршама тығыз бірігуіне көшуі тездетіледі. Қазақстанда және басқа да достас елдерде орныққан адамдар, таптар, әлеуметтік топтар, халықтар арасындағы жаңа қарым-қатынас шынайы қажеттіліктен туындаған ұлтаралық келісімін айқындайтын жағдайды туғызады.
Ғылыми-техникалық революцияның, қоғамдық прогрестің әсерімен қоғамдық өмірдегі интернационализациялаудың тереңдеуі ұлтаралық келісімінің өсуін қамтамаыз етеді. Мұны Қазақстанның республикалық активінің әлеуметтік зерттеулерінің нәтижесі растайды. Сауал нәтижелері әр түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы тұрақты жақындық байланысты көрсетті. Сонымен, әрбір респондент бестен кем емес әр түрлі ұлт өкілдерінің көрші тұратындығын мәлімдеді, сұралғандардың 83,1 пайызының өзге ұлт өкілдері ішінен жақын достары бар, 50 пайызынан көбісі жақын туыстық қарым-қатынаста, 91,9 пайызы басқа ұлт өкілдеріне қонаққа барып, өздері де оларды қонаққа шақырады. Қоғамдық-саяси жаңару және реформалау, модернизациялау тұрғындардың ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруға түрткі болады. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті дамуы үшін халықтардың өзара келісімі мен мәдени дамуының маңызы зор. Ұлтаралық келісімде әділ де демократиялық қоғамның бекуі мен жетілуіне көпұлтты тұрғындардың күш біріктіруін қажет ететін, ұлттар бірлігінің шынайы өсу процесін айқындайтын сана қалпы көрініс табады. Бұл келісім мәдениеттің әлеуметтік құндылығы, ең алдымен, практикалық мақсатқа лайық болып табылады. Өмірдің барлық саласындағы іс жағдайын осы көзқарас тұрғысынан қарауымыз керек. Сонымен бірге мынаны ұмытуға болмайды: адамдар қарым-қатынасының интернационалдық жетілу деңгейі оның мәдени келісім принциптерін меңгеруімен ғана танылмайды, сонымен қатар өзінде бұл принциптердің «сіңіп кетуімен», кез-келген жағдайда жоғары интернационалдық мінез-құлыққа ішкі қажеттілігін тәрбиелеумен де танылады. Ұлтаралық қарым-қатынас жоғары мәдениет келісімінің принциптерін меңгерген адам әлеуметтік өмірде белсендірек, аса көреген, болашаққа сенімдірек қарайтын болады. Көрініп тұрғанындай, көз жүгіртіп қарау арқылы да мекемедегі ұлтаралық қарым-қатынас жағдайын және әр түрлі ұлт адамдары арасындағы қарым-қатынастың орнығу сипатын анықтауға болады. Ұлтаралық қарым-қатынасты анықтаудың көпварианттылығы қоғамда қарым-қатынастың жоғарғы деңгейге жеткендігін көрсетеді. Осы процестерді реттеп отыру, әсіресе, ұлтаралық қарым-қатынастарды тереңдету және нығайту қажет, ал түрлі экстремистік, діни, шовинистік және ұлтшылдық ұрандармен халықтардың бөлінуіне жол бермеу керек. Осы тенденциялардың арнасына шынайы ұлттық идея, Қазақстан халықтарының бірлігі мен жалпы ұлтаралық келісім құру мәселесі кіреді. Олар көпұлтты қоғамда өзара түсіністікке, өзара сыйластыққа, келісім мен бейбітшілікке ұмтылуға күш біріктіруге шақырады. Қазақстандықтардың ұлтаралық келісімінің жоғарғы деңгейін республикалық активтің нақты-әлеуметтік зерттеу нәтижелері де растайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет