Бақылау сұрақтары: Отбасының пайда болуы.
Отбасының құрылымы қандай?
Отбасылық жүріс – тұрыстың типтері қандай?
Отбасы белгілерін көрсет.
Дәріс №7 Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау Мақсаты: Әлеуметтану пәнін, мәселелерін және түрлі бағыттары мен қызметтерін анықтау.
Дәріс жоспары: Адамдардың девиациясы: социологиялық түсінік.
Девиация типтері.
Девиация дамуы.
Ауытқитын мінез – құлық формалары. Маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, қылмыскерлік, өзін – өзі өлтіру.
Дәріс тезистері: Девианттық мінез – құлық социологиясы ауытқымалы мінез – құлықты адам іс–әрекетінің түрлі салаларына тән әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру.
Оның пәндік ерекшелігі, зерттейтін құбылыстар шеңбері тарихи өзгермелі және нақты, сол қоғамдағы әлеуметтік нормаларға байланысты. Таным процесі неге бағытталса ғылымның объектісі сол болып табылатыны белгілі. Девианттық мінез – құлық социологиясының объектісі болып адамдардың санасында бейнеленетін қызығушылықтары мен құндылықтарының шынайы іс – әрекеті болып табылады.
Зерттеу пәніне девианттық мінез – құлықтың пайда болуы мен дамуына әсер ететін әлеуметтік факторлардың механизмдерін жатқызуға болады. Бұл жерде, берілген пәннің әлеуметтік талдауы теоретикалы – әдістемелік деңгейде де, сонымен қатар эмпирикалық деңгейде де жүзеге асады.
Осылайша девианттық мінез – құлық социологиясы деп ауытқымалы мінез – құлықтың әлеуметтік мәселелерін зерттеумен айналысатын және осы ауқымда қоғамда әлеуметтік ауытқулардың орнын, пайда болу себебін, әсер ететін жағдайларды, алдын-алу шараларын анықтайтын социологияның міндеті болып мыналар жатады:
Әлеуметтік ауытқу сипатын осы заманғы нормалардан бөліп көрсету;
Теріс әлеуметтік ауытқулардың өсу себебін ашу;
Девианттық мінез – құлықты жеңу және алдын алуға бағытталған түрлі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, ұйымдық, моральдық және тәрбиелеушілік шаралардың тиімділігін талдау;
Теріс құбылысты жеңуді, қоғамды белгілі бір – норманы бұзылушылықтардан сақтандыруды болжау.
Девианттық мінез – құлық белгілі бір қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік нормалардың ауытқу және артынан құқықты және қоғамдық шараларды ілестіруші адамдардың өмір салты кемесі іс – әрекеті.
«Девиация» терминін анықтауда, оның басқа да өзіне жақын түсініктермен қатынасы қаралады. Егер « әлеуметтік ауытқу » және « девиация » түсініктері бір мағынаны, яғни әлеуметтік норма талаптарынан аттау дегенді білдірсе, онда «қоғамдық жүріс-тұрысқа қарсы» деген түсініктің жоғарғы түсініктерден айырмашылығы, бір мәнді теріс сипатта баяндалды. Девианттық жүріс-тұрыс дегеніміз ресми нормалардың бұзылуы.
Әлеуметтік нормалардан ауытқудың күрделі түрі, тұлға мен қоғам үшін зиян болып келетін мінез ғылыми әдебиетте әлеуметтік паталогия деп аталады.
Әлеуметтік – паталогиялық құбылыстар деп қоғам үшін қауіпті қылмыс, анашаны қолдану, өзіне-өзі қол салу, маскүнемдік сияқты әлеуметтік ауытқуларды атайды. Осылайша, белгілі бір деңгейде «әлеуметтік ауытқу» және «әлеуметтік паталогия» түсініктері түйіседі.
«Девианттық мінез – құлық» категориясын анықтай келе, маңызды бір сұраққа жауап беру маңызды: барлық жағдайда да әлеуметтік ауытқу қауіпті ме, жоқ әлде оның пайдалы жағы да бар ма? Осы орайда тұжырымдар екіге бөлініп кетті. Мысалы, В.Н.Кудрявцевтің ойынша, белгілі бір жүйеден тыс әрекеттер, нормадан ауытқулардың ешқайсысы позитивті түрде қаралмауы керек. Ал Я.И.Глинский былай деп айтады: «әлеуметтік ауытқу» пайдалы іс-әрекетте де бар. Мысалы, бұған жаңашылдықты жатқызуға болады. Әлеуметтік нормалардан негативті және позитивті ауытқу бір нормативті жүйе тұрғысынан қаралмайды. Керісінше, нормадан ауытқу прогресивті жүйе тұрғысынан позитивті деп мойындалуы мүмкін. Сонда норманың өзі теріс құбылыс ретінде қаралады. Прогрессивті жүріс – тұрыстың көпшілікті үлгісі ретінде жинақтала келе позитивті ауытқулар бір – біріне таралып, соңында көпшілік мойындаған жаңа әлеуметтік норманың қалыптасуына алып келеді.
Девиацияны екі аспекті де қарастыруға болады: нормадан прогрессивті ауытқуға шейін қосатын кең тұрғыдан және анти әлеуметтік жүріс – тұрыс ретіндегі тар мағынада.
Әлеуметтік ауытқулар түрлі аспектілерде әр алуан ғылымдармен, атап айтқанда, психология, медицина, педагогика, криненология тұрғысында зерттеледі. Шынында да, егер социологияның пәніне әлеуметтілік топтардың, тұлғалардың іс – әрекетіне механизмдерінің және қоғамдық заңдылықтарының көрінуі келсе, егер социология нақты қоғамдағы нақты құбылыстарды зерттеуді, норманы ғана талдап, ал одан ауытқуды шеттете алмайды.
Бір индивид әлеуметтік жүріс – тұрыста ауытқиды, екінші біреулер тұлғалық ұйымдасудағы нормадан психикалық ауытқу қызықтырса, ал, социологтарды ең алдымен мәдени ауытқулар, яғни әлеуметтік қауымдастықтың мәдениет нормаларынан ауытқуы қызықтырады.
Девиантты мінез – құлық социологиясы девиацияны ерекше әлеуми детерминацияланған процестерге әлеуми бағытталған құрылымдалған жүйе ретінде қарады.
Ғылыми әдебиетте ауытқымалы мінез – құлықты түсіндіруде түрлі теоретикалық концепциялар қарастырылған. Оның ішінен девиантты мінез – құлықты зерттеуге бағытталған үш теоретика – методологиялық бағытты айтып кетуге болады. Бұлар әлемдік социология мен психологияда өз дамуын тапты. Біріншіден, К.Маркс пен Ф. Энгельстің экономикалық детерменизмі мен әлеуметтік дау – дамайынан тұратын құрылымдық бағыт және Э.Дюркгеймнің әлеуметтік ыдырау мен аномиясы кіретін құрылымдық функционализм.
Әлеуметтік ауытқу туралы марксистік теорияның ерекшелігі: біріншіден, қарастырылатын шаралардың макро деңгейлігі; екіншіден, әлеуметтік ауытқуға әсер ететін революциялық, ол жекелеп алсақ қылмысқа әсер етеді. Бұл жерде, қоғамдық жүйенің қайта құрылуы мен өркендеуі үшін мемлекеттік билік етуші құқығының күштерден аластату болып табылады. Олар халқының кедейлер тұратын бөлігінде қылмысқа деген әсер етуші шараларын қолданбайтын еді. Маркс пен Энгельс бұзақылықтың негізгі факторларына әлеуметтік теңсіздікті, жұмыскерлерді қанауды жатқызады. Ал бұлардың салдарынан келіп жұмыссыздық, кедейлік, төмен деңгейдегі білім мен тәрбиенің болатынын айтып кетеді.
Француз социологы Э.Дюркгеймнің еңбектері өзінің тереңдігі және ерекшелігімен байқалады. Өзінің фундаменталды монографиясы – «Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы» атты еңбегінде ол адамгершілік механизмдерін саралайды: адамгершіліктік нормалардың мазмұнына әсер етуші факторларының даму бағыттарын Э.Дюркгеймнің басты жетістігінің бірі болып қоғамның ыдырауының күйіне сараптамасы немесе « өзін – өзі өлтіру » еңбегіндегі аномия табылады. Сол әлеуметтік ыдырауда Э.Дюркгейм көптеген теріс қоғамдық әрекеттердің түп негізін қарастырады.
Девиантты мінез – құлықты зерттеудегі мәдени бағыттардың негізіне Р.Мертонның социо – мәдени аномиялық теориясы, Т.Селминнің мәдениет дау – дамайы теориясы маңыз бола алады. Р.Мертон өзінің мақаласында ауытқымалы мінез – құлық мәселелеріне дюркгеймдік аномия концепциясын қолданады. Р.Мертонның басты идеясы: девиацияның басты себебі болып құндылықтар арасындағы қарама – қайшылық, оған жету барысында қоғам бағытталады. Р. Мертон индивидтің бес логикалық мүмкін болатын мінез – құлық әдістерін көрсетеді: конформизм, инновация, ритуализм, ретризм және бунт. Т. Селминнің мәдени дау – дамай теориясының мәні мынада: өмірге деген түрлі көзқарас, әдет, жүріс – тұрыс және ойлау стеоротипі, құндылықтардың алуан түрлілігі адамдардың өзара түсініктерін, басқаның сезіміне ортақтасуды қиындатады,басқа мәдениет өкілдері тарапынан ашу – ыза шақыруы мүмкін. Жекелеген жағдайларда қоғамда билік етуші құқығының және моральды нормалар тек жекелеген әлеуметтік топтар үшін пайдалы бола алады, сондықтан олардың келіспеушілігі қоғамның екі деңгейіне де таралатын құндылықтармен қарсы бола алмайды.
Девиантты мінез – құлықты зертеудегі кеңістік және одан кейінгі социологиялық зерттеулердің ерекшелігі әлеуми – құрылымдық көзқарасын меңгеру, экономикалық, әлеуми – класының және басқа да қайшылықтарға көңіл бөлу болып табылады. Отандық социологиялық әдебиетке соңғы он бес жылда ауытқымалы мінез – құлықты зерттеудегі біраз мақалалар мен публикацияларды көруге болады. Әсіресе, А. А. Габиани, С. Г.Климова, д. С. Голод, Я. И. Гилинский, Ю. Г. Корпухина сияқты ғалымдардың еңбектеріндегі девиацияның әлеуметтік формаларын көруге болады.
ТМД елдерінің социолог ғалымдарының еңбектеріндегі қолданбалы эмпирикалық сипаты девиантты мінез – құлықтың болу себебіне және мәніне деген пәнаралық талдау мүмкіндігін көрсетеді: Отандық әдебиетте әлеуметтік ауытқудың болу себебіне деген ауқымды көзқарасын айтып кетуге болады және де девиациялық түрлі формаларының өзара тәуелділігін, құрылымын айтпауға болмайды.
Я. И. Глинский өзінің еңбектерінде девианттық мінез – құлықты материяның өз еркімен жылжуының біртұтас әлемдік процесі ретінде қарастырады. Оның көзқарасы бойынша норма мен паталогия – бейімделу формалары және де девиантты мінез – құлықтың түрлі формаларының жазылуы емес, бірінің орнын бірі басуы арқылы көрінеді.
Көптеген Отандық ғалымдардың ойы бойынша ауытқымалы мінез –құлық басты жағдайда экономикалық байланыстармен байланысты. Әрине, әлеуметтік ауытқулар олардың жағдайымен тікелей байланыста емес, бұл жердегі байланыс күрделірек және көп жоспарлы. Бірақ оның болатындығын қоғам дамуының барлық тарихы айтады.
Қазақстанның ғылыми әдебиетіне келетін болсақ, онда қазақстандық социологтар девиантты мінез – құлық мәселелерін айтарлықтай зерттей қойған жоқ. Қоғам дамуының осы заманғы этапында Қазақстандағы социологияның дамуына объективті ізденулер керек – ақ.