|
Әлеуметтанудың арнаулы әдістері
|
бет | 6/27 | Дата | 16.02.2022 | өлшемі | 348,5 Kb. | | #132118 |
| Байланысты: лекция Әлеуметтану-1Әлеуметтанудың арнаулы әдістері: сұрыптау, бақылау, сұрау, құжаттарды талдау, сараптау, модель (үлгілеу), тест, т.б.
Жоғарыда көрсетілген алуан түрлі әдістерді кеңінен қолдана отырып, әлеуметтану білімнің жаңа қайнар көздерін ашып, әрбір адамның қоғамдық құбылыстар, процестер туралы танымын, білімін толықтырып отырады. Мұндай танудың, білімнің өзгеше құрылымы, түрі және деңгейлері болады.
Әлеуметтанудың құрылымына, оның таным, білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен «құрылым» , «деңгей» деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз – біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|