жұмыстардың құндылығы әлеуметтану зерттеулерінжасағанында. Зерттеушілер
бір мезгілде әлеуметтануға арналған зерттеулердің бірнеше әдістерін қолданған.
В.А.Черняк өзінің әлеуметтанулық зерттеулерінің материалдары негізінде
атеизм әлеуметтануының негізін салушы болды, оның зерттеулерінің
әдістемесі мыналарды қамтыды: 1) халықтың мәдениеті мен тұрмысын іріктеп
тексеру; 2) құдайға мінәжат ету орындарына еніп бақылау; 3) әлеуметтік
ақпаратты айқындау, белгілеу жөніндегі іс-шаралар кешені, оның ішінде,
біздің көзқарасымызша, фокус топтық зерттеу; 4) құжаттарды - қолжазба
материалдарды, мұрағат көздерін, мерзімді баспасөзді зерделеу; 5) қоғамдық
пікірді зерделеу. Аталмыш зерттеулер көпфакторлы сапалық және сандық
сипаттамаларымен ерекшеленді, бұл қазіргі заманғы жаппай қолданылатын
сауалнама жүргізу әдістерімен салыстырғанда өзіне назар аудартады. Алайда
әлемдік әлеуметтану практикасынан, атап айтқанда, американдық зерттеу
әдістерінен бойды аулақ ұстау ғалымдарды зерттеулерге өте сақтықпен қарауға
және жүргізетін зерттеулеріне маркстік дәйектеме келтіруге мәжбүр етті, бұл
зерттеулердің сандық әдістерін, олардың инструментарийлерін жасауға және
мәліметтерді өңдеуге қиындық туғызды.
Бұл кезеңде Қазақстан ғылымында қоғамның әлеуметтік құрылымын
зерделеудің әдіснамалық негіздері қаланды, ол 90-шы жылдары әлеуметтану
ғылымы шеңберінде одан әрі дами түсті.
Жоғары оқу орындарындағы әлеуметтанудың қалыптасуы мен дамуында
1996
жылы
әлеуметтану
ғылымдарының
докторы,
профессор
К.Ғабдуллинаның
жетекшілігімен
құрылған
“Әлеуметтанушылар
академиясы” әлеуметтану орталығы үлкен рөл атқарды.
Қазақстандық әлеуметтанудың дамуы мен қалыптасуына Нариман
Әбдірахманұлы Аитов ерекше үлес қосты. Ол ондаған ғылыми еңбектер,
алғашқы жаңа буын оқулықтарын жазған. А.Ә.Аитовтың жаңа еңбектерінің
бірі – “Тең емес адамдардың теңдігі” маркстік және қазіргі заманғы
әдіснаманың өзіндік ара жігін ашушы болды.
Достарыңызбен бөлісу: