«Әлеуметтану» ПӘні бойынша дәрістер



Pdf көрінісі
бет1/30
Дата26.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#154880
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Дәрістер курсы



ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ 
ӘЛЕУМЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС КАФЕДРАСЫ 
«ӘЛЕУМЕТТАНУ» 
 
ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР
Кредит саны - 2 
Оқытушы: 
Шнарбекова Меруерт Какпанбаевна
, Ph.D, доцент м.а. 
e-mail: 
meruert.shnarbekova@kaznu.kz
 
Алматы, 2021 


 «ӘЛЕУМЕТТАНУ» 
ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР 
 
МОДУЛЬ 1. ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТАРИХИ 
ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ӨКІЛДЕРІ 
 
1
 
ДӘРІС. ӘЛЕУМЕТТАНУ: ҒЫЛЫМҒА КІРІСПЕ МЕН 
БАСТЫ ҰҒЫМДАРДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ. 
Мақсаты
: студенттерді әлеуметтанудың негізгі ұғымдарымен таныстыру 
және зерттеу саласы мен аясын түсіндіру. 
 
1.
Әлеуметтанудың объектісі және пәні. Әлеуметтанудағы «әлеуметтік» 
түсінігі.
2.
Әлеуметтанулық 
теориялардың 
құрылымы. 
Теориялық 
және 
қолданбалы социология. Макро және микро социология.
3.
Әлеуметтанудағы теориялық және эмпирикалық мәселесі. 
4.
Әлеуметтік заңдар және адамдардың әлеуметтік қызметі. Әлеуметтік 
заңдардың түрлері.
“Әлеуметтану” 
термині екі сөзден құралған: латынның 
socіetas
- қоғам 
және гректің 
logos
- сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық 
тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы 
ілім” дегенді білдіреді. Бірақ бұл біршама абстрактілі ой, өйткені адамзат 
қоғамы өзінің заңды көріністерімен көптеген қоғамдық ғылымдардың пәні 
болып табылады. Сондықтан да әлеуметтану пәнін қандай да бір басқа 
қоғамдық ғылым пәнінен бөлек қарауға болмайды. Ол үшін ең алдымен 
әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің ара жігін ажыратып алған жөн.
Ғылыми таным 
объектісіне
зерттеу қызметі бағытталатынның бәрі, оған 
объективті шынайылық ретіндегі қарсы тұратын нәрсенің бәрі жатады. Нақты 
ғылымның зерттеу объектісі туралы әңгіме болғанда объективті 
шынайылықтың қандай да бір бөлігі тұтас зерттелмейді, сол ғылымның 
ерекшелігімен анықталатын жағынан бастап қана зерттеледі. Объективті 
шынайылықтың нақты бөлігінің басқа жақтары бұл жағдайда қосалқы нәрсе 
ретінде немесе берілген объектінің міндетті шарты ретінде қарастырылады. 
Кез келген ғылымның 
пәні
объективті дүниенің жай ғана бір құбылысы 
немесе процесі емес, оның зерделенетін объектісінің дамуы мен қызмет 
етуінің басқа ғылым емес, тек қана осы ғылым үшін ерекшеленген белгілі бір 
заңдылықтарын бөліп қарауға мүмкіндік беретін теориялық абстрактілеу 
нәтижесі болып табылады. Мұндай абстрактілеу (зерделенетін объектінің 
үлгісін жасау) әлеуметтік шынайылылықтың әллеуметтанушы қызметі 
бағытталған “бөлігін”, “саласын”, “қырларын” анықтайды. 


Жоғарыда аталған анықтамаларға жасалған қысқаша шолу барлық 
көзқарастардың 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет