Ii – тарау Ықтималдықтар теориясы



бет1/7
Дата14.05.2020
өлшемі99,56 Kb.
#68093
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
реферат 13.05



Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

Реферат


Тақырыбы :Комбинаторика. Ықтималдық. Кездейсоқ шама

Орындаған : Келис Ақтоты 3.9 математика студенті

Тексерген : Жұмағалиева Назым Алтайқызы

Пәні : Мектеп математика курсы негіздері

Əр ғылымда сонша шындық бар, онда қанша математика болса

Леонардо да Винчи




КІРІСПЕ


Кез келген ғылымның, оның ішінде экономикалық ғылымның негізгі мақсаты өмірдей процесстер бағынатын заңдылықтарды жауып жəне зерттеу. Экономикаға қатысы бар табылған заңдылықтардың тек қана теориялық маңызды емес, онымен қатар олар практикада да – жоспарлауда, басқаруда жəне болжауда да қолданылады.

Ықтималдықтар теориясы – математикалық ғылым, ол кездейсоқ оқиғалардың заңдылықтарын зерттейді.

Көптеген, ең алдымен əлеуметтік – экономикалық құбылыстарды зерттегенде тек қана негізгі факторларды ғана емес, кездейсоқ толқынысқа əкелетін жəне нəтижені бұрмалауға соқтыратын, яғни екіұшты күйге келтіретін жағдайларды ескеру керек. Осындай бақылайтын кездейсоқ құбылыстардың спецификалық заңдылықтарын зерттеуге арналған əдістерді жетілдірумен ықтималдық теориясы айналысады.

Математикалық статистика – математиканың бөлігі, ол статикалық заңдылықты көрсету мақсатынан бақылау нəтижелерін жинау əдістерін зерттеумен, оны жүйелеп жəне өңдеумен айналысады. Математикалық статистика ықтималдық теориясына сүйенеді. Ол кейбір шекті немесе үлкен шексіз генералдық жиыннан алынған таңдаманы көрсететін кездейсоқ шаманы бақылаудан алынған нəтижелермен жұмыс істейді. Ықтималдық теорияны қолдана отырып математикалық статистика көптеген іздестіріп отырған мінездемелерді бағалайды жəне берілген мағлұматтарды өңдегенде шығатын тұжырымдардың дəлдігін анықтайды.

Ықтималдық теориядан өткен ғасырлардағы көрнекті математиктер қатарында: Д.Кардано, Б.Паскаль, П.Ферма, Х.Гюйгенс, Я.Бернулли, А.Муавр, П.Лаплас, К.Гаусс, С.Пуассон. Орыс математиктері: А.М.Ляпунов, А.А.Марков. Ықтималдық теория жəне математикалық статистика саласындағы осы кезеңдегі математиктер: С.Н.Бернштейн, В.И.Романовский, А.Н.Колмогоров, А.Я.Хинчин, Ю.В.Линник, Б.В.Гнеденко, Н.В.Смирнов, Ю.В.Прохоров, Стьюдент, Р.Фишер,

Э.Пирсон, Е.Нейман, А.Вальд.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет