1.
Әженов М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы: Алматы: Қазақ ун-ті,
2002
2.
Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы, Алматы, Қазақ университеті,
2012, 166б.
3.
Биекенов К.Ү. Әлеуметтану тарихы, Алматы, 2010, 214б.
4.
Нұрбекова Ж.А. Отандық
әлеуметтану тарихы, Алматы, 2012, 112б.
5.
Маулшариф М. Әлеуметтану, Алматы, 2010, 115б.
Қосымша әдебиет:
1.
Кравченко А.И.Социология: Хрестоматия для вузов-М.; Екатеринбург:
Академический проект: Деловая книга, 2010.-734с.
2.
Волков Ю.Г. Социология. Учебник для студентов узов; Под ред. В.И.
Добренькова.2-е издание. – М.: Социально-гуманитарное издание.; Р/н
Д: Феникс,2007-572 с.
3.
Горелов А.А. Социология в вопросах и ответах. – М.: Эксмо, 2009.-316
с.
4.
Добреньков В.И. Социология: Краткий курс/ Добреньков В.И.,
Кравченко А.И.. М.: Инфра-М., 2008- 231с.
4 ДӘРІС. ДАМУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ.
ТАБИҒАТ ПЕН ТӘРБИЕ. БАЛАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУ КЕЗЕҢДЕРІ.
ӘЛЕУМЕТТЕНУ ТҮРЛЕРІ. ӘЛЕУМЕТТЕНУ АГЕНТТЕРІ.
Мақсаты:
тұлға әлеуметтануының зерттеу аясын студенттерге түсіндіру,
негізгі ерекшеліктеріне талдау жасау.
1.
Тұлға әлеуметтік қарым-қатынастың объектісі және субъектісі ретінде.
Адам, индивид, тұлға. Тұлға құрылымы.
2.
Тұлға әлеуметтенуі түсінігі. Әлеуметтену процесіндегі макро және
микро ортаның арақатынасы.
3.
Тұлғаның қайта әлеуметтенуі түсінігі.
4.
Әлеуметтенудің дұрыс жүрмеуі. Адамдардың девиантты мінез-құлығын
анықтау мәселесі.
Әлеуметтік өзара іс-қимылдар мен қарым-қатынастардың ұйытқысы жеке
тұлға болып табылады. Адам тұлғасын зерделегенде оның көріністерін
мынадай деңгейлерге бөлу қалыптасқан:
5.
- табиғи деңгей - адамның өзінде бар және оған басқа адамдардың
ықпалынсыз дамитын деңгей;
6.
- биологиялық деңгей - шығу тегі бойынша ортақ болуы, бүл орайда
адамның жануармен ұқсас болуы міндетті емес;
7.
- мұрагерлік деңгей - ата-аналарының
тектік қорының негізінде
тіршілік етіп дамитын деңгей; ол биологиялық (бірақ биологиялықтың бәрі
мұрагерлік емес);
8.
- әлеуметтік деңгей - адамның әлеуметтену, басқа адамдармен араласуы
мен өзара іс-қимылы барысындағы деңгей.
Әлеуметтік көрініс кең мағынасында үш құрамдас бөліктен тұрады [9]:
- өзіндік әлеуметтік - өзінің әлеуметтік рөлдерін қалыпты атқаруға қажет
деген белгілер жиынтығы;
- ерекшеленген мәдени - автоматты түрде сақталатын,
жеке адамның
ажырамас белгісіне айналған және басқалардың оны тәрбиелі деп санауына
мүмкіндік беретін әдептілік мінез-құлық нормалары мен ережелерінің
жиынтығы;
- ізгі - адамдағы әдеп нормаларын ең жоғары талаптар ретінде сақтауға
байланысты әлеуметтік және мәдени бастамалардың жарқын көрінісі.
Бұлайша тәптіштеу “адам”, “жеке адам” және “тұлға” ұғымдарының
аражігін ажырату үшін қажет. “
Адам”
ұғымы жалпыға ортақ, ол
барлық
адамдарға тән сапалар мен қасиеттерді сипаттау үшін пайдаланылады. Бұл
ұғым дүниеде өзіне ғана тән тіршілік ету тәсілімен басқа барлық материалдық
жүйелерден өзгеше адам әулеті, адамзат сияқты ерекше тарихи дамушы
қауымдастықтың бар екенін көрсетеді. Осынау тіршілік ету тәсілінің
арқасында адам тарих дамуының барлық сатысында, жер шарының барлық
нүктелерінде
адам баласы болып қалады, онтологиялық мәртебесін сақтайды.
Бірақ адамзат өз бетінше өмір сүрмейді. Өмір сүретін де, әрекет ететін де
нақты адамдар. Адамзаттың жеке өкілдерінің өмір сүруі «жеке адам» деген
ұғыммен көрсетіледі. Жеке адам - адамзаттың жеке дара өкілі, оның барлық
әлеуметтік және психологиялық белгілерінің: ақыл-ойының, ерік-жігерінің,
қажеттіліктерінің, мүдделер және т.б. иесі. “Жеке адам” ұғымы бұл арада
“нақты адам” мағынасында қолданылады.
Адамның жеке басының және тарихи дамуының түрлі деңгейлеріндегі
нақты-тарихи даму ерекшеліктерін көрсету үшін “жеке адам” ұғымымен қатар
“
тұлға”
ұғымы пайдаланылады. Тұлға – жеке адам дамуының нәтижесі, оның
барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым толық жүзеге асуы.
Тұлға бірқатар гуманитарлық ғылымдардың
зерттеу объектісі болып
табылады. Философия тұлғаны дүниеде қызмет ету, таным және
шығармашылық субъектісі ретінде қарастырады. Психология тұлғаны
психикалық процестердің, қасиеттердің және қарым-қатынастардың:
темпераменттің, мінездің,
қабілеттің, ерік-жігердің және т.б. орнықты
тұтастығы ретінде зерттейді. Әлеуметтану көзқарасы тұлғаның әлеуметтік-
типтік белгісін бөліп қарайды.
Әлеуметтану проблемаларының бірі тұлғаны құрылымдық талдау болып
табылады. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы жеке адамның әр алуан қызметі
барысында, өзі кіретін қауымдастықтар мен бірлестіктердің ықпалымен
қалыптасатын және қызмет атқаратын объективті және субъективті
қасиеттерінің жиынтығын қамтиды. Тұлғаның құрылымында мыналар бөліп
қаралады:
1) өмір салты мен еңбек, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, отбасылық-
тұрмыстық сияқты қызметтерде көрінетін әлеуметтік сапаларды жүзеге асыру
тәсілі;
2) тұлғаның объективті әлеуметтік қажеттіліктері.
Тұлға - қоғамның
органикалық бөлігі, сондықтан оның құрылымы негізінде қоғамдық
қажеттіліктер орын алады. Басқаша айтқанда, тұлғаның құрылымы қоғамдық
тіршілік иесі
ретінде адамның
дамуын анықтайтын объективті
заңдылықтармен айқындалады. Тұлға бұл қажеттіліктерді ұғынуы да,
ұғынбауы да мүмкін, бірақ та ол қажеттіліктер тіршілік етуін, өмір сүруін
тоқтатпайды және тұлғаның мінез-құлқына
айқындық енгізіп отырады;
3) шығармашылық қызметке қабілеттілік, білім, дағды жатады.
Қалыптасқан тұлғаны қалыптасудың бастапқы сатысындағы жеке адамнан
айырып көрсететін де оның дәл осы шығармашылық қабілеттері;
4) қоғамның мәдени құндылықтарын игеру дәрежесі, яғни тұлғаның
рухани жан дүниесі;
5) тұлға басшылыққа алатын ізгілік нормалары мен принциптері. Сенімдер
- адам мінез-құлқының басты бағытын анықтайтын ең терең принциптер.
Сенімдер тұлғаның тұлғалық құрылымының
өзегін құрайтын объективті
қажеттіліктерді сезінуімен байланысты.
Әлеуметтануды
бірінші
кезекте
ортақ
мәселе
қызықтыратын
болғандықтан,
жеке
адамға
қатысты
әлеуметтанудың
түбегейлі
проблемаларының бірі - әлеуметтену процесі болып табылады.
“
Достарыңызбен бөлісу: