қалыптастыруға тырысып келген және тырысады. Алайда бұл мұраттардың
мазмұны тарихи дәстүрлерге, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуға,
қоғамдық және саяси құрылымға қарай әр түрлі болады. Дей тұрғанмен, қазіргі
заманда қоғамның толыққанды мүшесінің мұраты көп, жалпы немесе әр түрлі
қауымдастықтар үшін азды-көпті үйлесетін сипаттамасы бар екенін айтуға
болады. Соған сәйкес әлеуметтену процесі де әр түрлі қоғамдарда белгілі бір
ерекшеліктерді сақтай отырып, әмбебап және үйлесімді сипаттамаға ие
болады, бұл ғаламдық, жалпы планеталық және жалпы әлемдік
тенденциялармен (кенттену мен ақпараттандырудан экологиялық және
демографиялық үрдістерге дейін) байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: