Бақылау сұрақтары:
1. Отбасы ұғымы, отбасы құрылымы.
2. Отбасы түрлері және оның қызметтері.
Ұсынылатын әдебиеттер
Ритцер Джордж. .Әлеуметтану теориясы. Учебник/Дж.Ритцер, Дж.Степницки; ауд.Абдирайымова Г.С., Абдикерова Г.О. және т.б., 2018. – 829б
Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. "Социология: Уч.пособие". – Алматы: Эверо,2016. – 584с.
"Социология. Основы общей теории: учебник" / Под ред. Г.В. Осипов, Л.Н. Москвичев. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Норма, 2015. - 912 с.
Giddens A., Sutton Ph. Sociology. Wiley Academic, 2017. (Гиденс А., Суттон Ф.Соушиолоджи. Уилей Академик, 2017)
Abdiraiymova G.S., Burkhanova D.K. Social structure of society and middle class: textbook / Almaty: Qazaq University, 2015. – 44p. (Абдраимова Г.С., Бурханова Д.К. Соушл стракчэр оф соушети анд мидл клас: текстбук / Алматы: Казак Юниверсити, 2015. – 44 пи.
Abdiraiymova G.S., Burkhanova D.K. Sociology of youth / Textbook. – Almaty: Qazaq university, 2016. – 98p. (Абдраимова Г.С., Бурханова Д.К. Соушлоджи оф яз / Текстбук. – Алматы: Казак Юниверсити, 2016. – 98 пи.)
Ritzer G., Stepnisky J. Sociological Theory. – Los Angeles: Sage, 2018. – 802p. (Ритзер Джи. Степниский Джей. Соушлоджикал Теори. – Лос Анжелес: Сайдж, 2018. – 802пи.)
Гараджа В.И. "Социология религии": Учебное пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - М.: ИНФРА-М, 2014. - 304с. - (Высшее образование. Бакалавриат).
Жаназарова З.Ж. "Семья и общество". – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 133 с
7 ДӘРІС. Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау
Дәрістің мақсаты: студенттерді Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау мәселелерін түсіндіру. Оларға әлеуметтік зерттеулердің мәнін түсіндіру. Оларды зерттеулердің масаты мен міндеттерін анықтауға үйрету.
Негізгі терминдер: девиация, отбасы, Қоғамдық пікір, Макросоциология, Микросоциология, Әлеуметтік байланыс, Әлеуметтік бақылау, Әлеуметтік қарым-қатынастар
Жоспар
1. Әлеуметтік норма, әлеуметтік бақылау девиация ұғымдарының мәні.. Қоғамдағы девиациялық мінез құлықтың орын алуын зерттеудегі социологиялық, психологиялық, антропологиялық бағыт.
2. Аномия, тұлға маргиналдылығы девиациялық мінез құлық түрі ретінде.
3. Қазақстандық қоғамның дамуындағы дағдарысты жағдайлар.
Әлеуметтік өмір әрдайым бір қалыпты, түзу жолмен жүре бермейді, кейде дұрыс жолдан ауытқып кететін ауытқымалы мінез – құлық - аномия орын алуы мүмкін. Әлеуметтік норма - адамдардың мінез-құлқын және олардың топтағы қарым-қатынасын реттейтін тарихи қалыптасқан әдет. Әлеуметтану ғылымының мақсаты әлеуметтік құндылықтарды зерттей отырып, әлеуметтік норманы орындау және орындамаудың әлеуметтік себептеріне талдау жасап, девианттық қылықтардың алдын алу шараларын мүмкіндігінше анықтау.
Қоғамдағы адамдардың мінез-құлықтары көптеген ауытқушылықтарға ұшырап отырады. Бұл социологиядағы келесі ұғым девианттық мінез құлықтың көрінісі болып табылады.
“Девиация” термині латынның “deviatio-ауытқу” деген сөзінен шыққан. Яғни девианттық дегеніміз - адамдардың мінез құлықтарының қоғамдағы әлеуметтік нормадан ауытқуы. Оны кең және тар мағынада қарастыруға болады. Кең мағынада девианттық мінез-құлық дегеніміз-кез-келген іс-әрекеттің қоғамда нормаларға сай келмеуі. Бұл жағдайда девиацияны жағымды немесе позитивті, жағымсыз немесе негативті деп бөлеміз. (4-схема) Ал тар мағынада девианттық мінез-құлық дегеніміз адамдардың іс-әрекеттерінің әлеуметтік нормадан негативті және жағымсыз түрде ауытқуы.
Позитивтік девиация дегеніміз – бұл мінез-құлықтың ауытқуы көптеген адамдарға оғаш көрінгенімен бірақ оған қоғам тарапынан айыптаушылық тудырмауы. Бұған өзін-өзі құрбан ету, бір нәрсеге немесе біреуге шектен тыс берілу, шектен тыс ынта-жігер, шектен тыс жан ашу сезімі т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |