«Әлеуметтану» пәні ДӘріс сабақтары бойынша әдістемелік


ДӘРІС. Экономика, жаһандану және еңбек Дәрістің мақсаты



бет18/23
Дата10.11.2022
өлшемі69,13 Kb.
#157686
түріНұсқаулар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
лекц по соц каз (2) (1)

12 ДӘРІС. Экономика, жаһандану және еңбек
Дәрістің мақсаты: студенттерге Экономика, жаһандану және еңбек мәселелерін түсіндіру. Оларға әлеуметтік зерттеулердің мәнін түсіндіру. Оларды зерттеулердің масаты мен міндеттерін анықтауға үйрету.
Негізгі терминдер: экономика, жаһандану, білім, әлеуметтік теңсңздңк, этнос, ұлт, дін, мәдениет, қоғам, девиация, отбасы,  Қоғамдық пікір, Макросоциология, Микросоциология, Әлеуметтік байланыс, Әлеуметтік бақылау, Әлеуметтік қарым-қатынастар
Жоспар
  1. Экономикалық әлеуметтану пәні

  2. Экономикалық әлеуметтанудың тарихи дамуы


Экономикалық-әлеуметтік білімнің алғашқы элементтері қайта өркендеу және жаңа заман дәуірінде пайда болған. Алайда мұндай білімнің теориялық сипаты ХVІІІ ғасырда бастау ала бастады. Бұл уақытта философтар Шарль Луи Монтескье, Клод Гельвеций, экономистер Адам Смит, Томас Роберт Мальтус, Жан Шарль Сисмондидің, философ және социалист-утопистер Уильям Годвин, Анри Сен-Симон, Шарль Фурьенің ойлары құнды болды. Осы кезеңнің өзінде тәжірибешілердің, өндірісті басқарушылардың экономикалық-әлеуметтанушылық білімге жүгінген алғашқы жәйттері пайда бола бастады. Бұл тұрғыда ең жарқын мысал - Роберт Оуэн.
ХVІІІ ғасырда экономикалық әлеуметтану дамуының “философиялық-экономикалық” кезеңі аяқталып, “өзіндік әлеуметтану” кезеңі басталды [9].
Огюст Конт (1798-1857) - француз әлеуметтанушысы және философы. Ол дәстүрлі философиядағы дерексіз конструкциялар мен заңдық ойлардағы шашыраңқы эмпирикалық байытуларға қарағанда қоғамдық өмірдегі диахроникалық және синхроникалық аспектілердегі құбылыстарды ғылыми зерттеп-білуді ескере отырып, “әлеуметтану” ұғымын енгізді.
О.Конт қазіргі заманды анықтап-тануға талпыныс жасап көрді. Ол жаңа әлеуметтік тәртіптің бірқатар ерекшеліктеріне көңіл аударды: 1) еркін кәсіпкерлік пен бәсекелестікке негізделген экономикалық жүйенің қалыптасуы; 2) жұмыс күшінің қалада шоғырлануы; 3) өндірісте ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану; 4) басшылар мен жалдамалы жұмысшылар арасында жасырын немесе ашық қарама-қарсылықтың пайда болуы; 5) әлеуметтік теңсіздіктің күшейе түсуі; 6) табыс табуға бағыт ұстану.
Конт индустриалдық қоғам мен өндірістің адамға және мәдениетке әсер ету теориясын дамытты. Оның теориясы бойынша, өндіруші мен ойлап табушының түйсігі өрлеуді тудырады. Өндірістің дамуы адамның өмір сүруін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге тұлғаны жоққа шығарады және әлеуметтік тәртіпті бұзады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет