«Әлеуметтану» пәні ДӘріс сабақтары бойынша әдістемелік



бет19/23
Дата10.11.2022
өлшемі69,13 Kb.
#157686
түріНұсқаулар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
лекц по соц каз (2) (1)

Карл Маркс (1818-1883) - неміс әлеуметтанушысы, философы және экономисі. Ол жасаған қазіргі заманғы капиталистік қоғамның бейнесі кең тарады. Маркс капитализмге күшті сыни және идеологиялық сипат берді.
Маркс көтерген ең танымал тақырып “жатсыну” болып табылады. Маркстың пайымдауынша, адамдар табиғатынан еркін, үйірсек және жасампаздыққа бейім. Алайда адамның табиғи мүмкіндіктерінің көрінуіне кедергі болатын белгілі бір тарихи жағдайлар туатын болса, онда олар табиғи бейімділіктерінен айырылып қалады. Мұндай парасаттан жұрдай қылатын жағдайлар қоғамдағы барлық топтар тарапынан болады, атап айтқанда, қазіргі капитализм көптеген адамдарды тәуелді етіп, оларды қинап, экономикалық механизмнің жатсынған бөлшегіне айналдырып жіберді. Өз еңбегін және оның өнімін бақылаудан айырылған жұмысшы жатсына бастайды, өз еңбегінен, айналасындағы адамдардан және ақырында өз-өзінен шеттеле бастайды. Маркс атап кеткендей, жұмысшы еңбек процесінде өзін орнықтыра алмайды. Керісінше, өзін жоққа шығарып, бақытты емес, бақытсыз деп санайды. Ол үшін еңбек-дене және ақыл-ой күштерінің еркін ойыны емес, қаны мен сүйегін жансыздандыру және сананы бұзу. Сонымен, жатсыну социоцентристік серпіндердің (өзімшілдік, атомизация), шығармашылықтың жоқтығының (кертартпалық, еңбектің бір сарындылығы) күшеюіне, әрекеттерді бақылаудан (енжарлық), дербестіктен (адамдарды басқарушы заттар фетишизмі) бас тартуына барабар. Адам табиғаты өз мәнін жоғалтып алады. Оларды қалпына келтіру жатсынудан арылған жағдайда ғана мүмкін болады, ал оны тудырушы әлеуметтік жағдайлардың төңкерісін, тапсыз коммунистік қоғамның орнауын талап етеді.
Бақылау сұрақтары:
  1. Экономикалық әлеуметтанудың негізгі категориялары

  2. Нарық әлеуметтануы


Ұсынылатын әдебиеттер



  1. Ритцер Джордж. .Әлеуметтану теориясы. Учебник/Дж.Ритцер, Дж.Степницки; ауд.Абдирайымова Г.С., Абдикерова Г.О. және т.б., 2018. – 829б

  2. Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. "Социология: Уч.пособие". – Алматы: Эверо,2016. – 584с.

  3. "Социология. Основы общей теории: учебник" / Под ред. Г.В. Осипов, Л.Н. Москвичев. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: Норма, 2015. - 912 с.

  4. Giddens A., Sutton Ph. Sociology. Wiley Academic, 2017. (Гиденс А., Суттон Ф.Соушиолоджи. Уилей Академик, 2017)

  5. Abdiraiymova G.S., Burkhanova D.K. Social structure of society and middle class: textbook / Almaty: Qazaq University, 2015. – 44p. (Абдраимова Г.С., Бурханова Д.К. Соушл стракчэр оф соушети анд мидл клас: текстбук / Алматы: Казак Юниверсити, 2015. – 44 пи.

  6. Abdiraiymova G.S., Burkhanova D.K. Sociology of youth / Textbook. – Almaty: Qazaq university, 2016. – 98p. (Абдраимова Г.С., Бурханова Д.К. Соушлоджи оф яз / Текстбук. – Алматы: Казак Юниверсити, 2016. – 98 пи.)

  7. Ritzer G., Stepnisky J. Sociological Theory. – Los Angeles: Sage, 2018. – 802p. (Ритзер Джи. Степниский Джей. Соушлоджикал Теори. – Лос Анжелес: Сайдж, 2018. – 802пи.)

  8. Гараджа В.И. "Социология религии": Учебное пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - М.: ИНФРА-М, 2014. - 304с. - (Высшее образование. Бакалавриат).

  9. Жаназарова З.Ж. "Семья и общество". – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 133 с





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет