«Әлеуметтану» пәні ДӘріс сабақтары бойынша әдістемелік


ДӘРІС. Әлеуметтік өзгерістер: жаңа әлеуметтанулық пікір-таластар Дәрістің мақсаты



бет22/23
Дата10.11.2022
өлшемі69,13 Kb.
#157686
түріНұсқаулар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
лекц по соц каз (2) (1)

15 ДӘРІС. Әлеуметтік өзгерістер: жаңа әлеуметтанулық пікір-таластар
Дәрістің мақсаты: студенттерге Әлеуметтік өзгерістер: жаңа әлеуметтанулық пікір-таластар мәселелерін түсіндіру. Оларға әлеуметтік зерттеулердің мәнін түсіндіру.
Негізгі терминдер: әлеуеуметтік өзгеріс, халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар, экономика, жаһандану, білім, әлеуметтік теңсңздңк, этнос, ұлт, дін, мәдениет, қоғам, девиация, отбасы,  Қоғамдық пікір, Макросоциология, Микросоциология, Әлеуметтік байланыс, Әлеуметтік бақылау, Әлеуметтік қарым-қатынастар
Жоспар

  1. Әлеуметтік өзгерістер туралы түсінік, белгілері, қызметі

  2. Қазіргі кезеңдегі саяси өзгерістер.



Әлеуметтік өзгеріс барысында әлеуметтік жүйе, олардың ішкі құрамдас бөліктері мен құрылымдары, байланыстары мен карым-қатынастары бір күйден екінші күйге ауьісу, не кейбіреуі жаңадан пайда болу, немесе жоғалып кетуахуалын бастан өткереді. Әлеуметтік өзгеріс, негізінен, екі деңгейде: микродеңгейде және макродеңгейде өрбиді. Әлеуметтік өзгеріс "әлеуметттік даму" ұғымымен шатастыруға болмайды. Өйткені, қоғам өміріндегі өзгерістер мен әлеуметтік қозғалыстардың барлығы бірдей оның сапалықдаму Деңгейін бейнелей алмайды; кейде олар әлеуметтік даму процесің тежеп, оның құрылымдарын тоқырата түсуі мүмкін. Сондықтан да әлеуметтану ғылымында Әлеуметтік өзгеріс және "Әлеуметтік қозғалыс" ұғымдары "әлеуметтік даму" ұғымымен салыстырғанда кең мағынада қарастырылады. Ал әлеуметтік даму дегеніміз - жаңа қоғамдық карым-қатынастардың, институттардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін күрделі құрылымдық процесс. Әлеуметтік дамуды бағалаудың әртүрлі: экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани, т.б. өлшемдері калыптаскан. Оның мән-мазмұнын жете, толыққанды түсіну үшін нақты әлеуметтік ортаны зерттейтін ғылым салаларының, әсіресе, әлеуметтік философияның жетістіктері пайдаланылады. Жалпы қоғамды, оның құрылымдық элементтерін дамытатын немесе тоқырататын Әлеуметтік өзгерістердің негізгі себептері мен факторлары туралы әлеуметтанушылар әлі ортақ бір пікірге келген жоқ Әлеуметтанулық ғылымында әлеуметтік жанжал деген ұғымның өзіне қатысты әр алуан пікір калыптасқан. Кей ғалымдар оны әлеуметтік қарама-қарсылықтар немесе белсенді адамдар мен топтар арасыңдағы шынайы күрес регіңде, ал басқа әлеуметтанушылар оны қоғамдағы қарама-қарсылықтың пісіп жетілуі мен дамуының жоғары сатысы ретінде түсіңдірді. Шын мәніңде, әлеуметгік қарама-қайшылық пен әлеуметтік жанжал бір-біріне астасып жататын ұқсас ұғымдар емес. Әлеуметтік қарамақарсылық бір-біріне қарсы тараптар күресі ашық та айқын сипат иеленіп, әлеуметтік шиеленіс әбден асқыну деңгейіне өткен кезде ғана әлеуметтік жанжалға ұласады. Ал, Т.Парсонс сияқты функционалдық бағыттағы ғалымдар Әлеуметтік өзгерістерді "қозғалмалы тепе-теңдік" ретінде карастырып, оны қоғамның әлдебір бөлігіне, не бүгіндей әлеуметтік жүйеге телиді. Адамзат қоғамы тарихыңда Әлеуметтік өзгерістердің, негізінен, эволюциялық жөне революциялық екі пішімі кеңінен мәлім. Жалпы кез келген әлеуметгік жүйедегі оң қабылдаған өзгерістер ретсіз, бейберекет түрде емес, белгілі бір бағдарлылықпен, қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай, яки прогрессивті, жүйелі түрде жүріп жатады.
Қоғамдағы әлеуметтік жүйеде жатқан институттардың, әлеуметтік рөлдер мен адамдар арасындағы өзара байланыстардың өзгеруі. Әлеуметтік өзгерістер әлеуметтік құрылымда пайда болған елеулі өзгерістер. Бұл танымның ішіне жаңа нормалар, құндылықтар, мәдени элементтер және символдық өзгерістерді атауға болады. Қоғамда кіші топтар арасында көрініс тапқан өзгерістер мен мода сияқты өтпелі өзгерістерді ескермеуге болады, бірақ отбасы, экономика, құқық институттарындағы өзгерістер, әлеуметтік рөлдерден өзгерістер және әлеуметтік байланыстарда пайда болған өзгерістер өте қажетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет