«Әлеуметтану» пәні ДӘріс сабақтары бойынша әдістемелік



бет16/23
Дата10.11.2022
өлшемі69,13 Kb.
#157686
түріНұсқаулар
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
лекц по соц каз (2) (1)

Дәрістің мақсаты: студенттерге Білім және әлеуметтік теңсіздік мәселелерін түсіндіру. Оларға әлеуметтік зерттеулердің мәнін түсіндіру. Оларды зерттеулердің масаты мен міндеттерін анықтауға үйрету.
Негізгі терминдер: білім, әлеуметтік теңсңздңк, этнос, ұлт, дін, мәдениет, қоғам, девиация, отбасы,  Қоғамдық пікір, Макросоциология, Микросоциология, Әлеуметтік байланыс, Әлеуметтік бақылау, Әлеуметтік қарым-қатынастар
Жоспар
«Әр адам өзінің мамандығын сүйіп, жақсы көретін ісімен айналысқанда нұр үстіне нұр болар еді», - деп ойлайтын мен мамандығымды қыр – сырынан жете танып, білуге ұмтыламын. Себебі, бұл адам өмірінің мәні болып табылады, яғни гармония. Сонымен қатар, әрбір мемлекет тұрғыны осы қағиданы ұстанып, өмір сүргенде, бәлкім, күйзелістен көпке дейін шыға алмайтындардың қатары аз болар ма еді, мемлекет белгілі бір деңгейге жетпестен бұрын, алдын – ала бағдарламалар құрмас па еді деген ой келеді...
Журналист өмірі масс – медиамен тығыз байланысты. Масс медиа ұғымы БАҚ - пен (бұқаралық ақпарат құралдары) үндеседі. Бұқаралық ақпарат құралдары – бұқаралық мәдениеттің үлгісі, ол қолжетімді және кең таралған мәдениеттің бір бөлшегі.
Сұхбат, телеарналар, газет – журналдар, афиша – журналисттік өмірдің бөлшектері. Журналист – қаламы қарымды, жазуға құлшынысы артып тұратын, өзіндік тұлғасы, өмірге деген көзқарасы өзгеше адамдардың тобының белгілі бір ұлт әдебиетіне үлес қосатын адамдар тобын айтамыз.
Қазіргі бүкіл әлемді шарпыған Covid – 19 «тәж вирусынан» кейін, адамдарды жаңалықтармен үздіксіз қамтамасыз етіп, тынбай жұмыс істеген – БАҚ болды. Интернет ресурстары арқылы хабарламаларды алып құлағдар болып, тіпті дәстүрлі оқу жүйесі, жыл сайын атып өтілетін аудандық, облыстық, қалалық, республикалық іс – шаралар онлайн жүйеге көшті. Бұл көріністен не түсінеміз? Технологиялардың дамып, қандай да бір дүниежүзілік пандемия кезінде мемлекеттің оңай һәм оңтайлы түрде онлайн жүйеге көше алу болып отыр.
Мына бір оқиғаны келтіргім келіп отыр. «Бірде екі еврей сөлесіп отырған көрінеді. Сөйтсе, қасындағысы: «Мына екеуі қалайша жайбарақат жүріп, вирус жұқтырып алмайды? , - деп үн қатса, келесі біреуі: «Олар жаңалық оқымайды", - деп тіл қатқан екен. Міне, әр нәрсенің өзінің оң және теріс жағы болады, адамның эмоциясына тиетіндей бейнеролик не жаңалықты, үркіту, өз арналарына көптеген көрермендер, қаралым жию үшін қазіргі заман қарқынына жаңалық болмай қалғандай... Ең өкініштісі де, сол.
Сонымен қатар БАҚ – тың дамығаны соншалық, ол адамның ажырамас бөлшегіндей болып кеткен. Күнделікті сәлемдесу, қал – жағдай сұрасу хабарлама алысумен, ал көңіл – күй әсері – смайликтармен шектеліп қалды... Мұндай жағдайды көріп, оның дұрыс еместігін байқайтын топ адамдары бар, олар БАҚ – тың күнделікті араласуды жоя алмайтындығын баса айтып, бағзы дәстүрмен араласуды жөн санайды.
Сөз қозғайтын мәселе, Масс – медиа, БАҚ - ы өзімен бірге «мәдени сіңісуге, шектен тыс адам өмірінің демократиясына» әкеледі деп қорқамын. Бұл – ұлттың өзіндік нақышынан айырылуына әкеліп соғатындай, ал адамда шектен тыс еркіндіктің болуы да, әлбетте, жақсылық әкелмейтіні сөзсіз. Жас бүлдіршін балалардың БАҚ – ды жастайынан етене жақын болуы алаңдатарлық нәрсе. «Заманына қарай адамы», - дегені бар. Балалар, шынымен, қазір технологияларды алғаш танып - ақ, олармен реттік қолдануды бірден үйреніп алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет