Аудиториядағы тәртіп :
Сабақ уақытында төмендегі іс-әрекеттерге рұқсат етілмейді:
Ұялы телефонмен сөйлесуге;
Сабақтан сұрануға;
Бос әңгіме құруға;
Басқа біреуге кедергі келтіріп, тапсырманы автоматты көшіруге.
Сабақ уақытында студенттің төмендегі іс-әрекеті есепке алынады:
1.Өз пікірін дәлелдесе;
2.Сабаққа белсенді қатысса;
3.Берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындаса.
Үй тапсырмасы:
Үй жұмысының орындалуы міндетті және оқытушы белгіленген уақытта тапсырылуы тиіс. Уақытында тапсырылмаған үй жұмысы қабылданбайды. Сіздің өте жақсы орындаған бес үй жұмысыңыздан Сіздің жалпы бағаңызға әсер ететін баға шығарылады.
Жеке тапсырмалар:
Жеке семестрлік тапсырмалар міндетті орындалуы тиіс. Семестрлік жұмыстар дұрыс орындалғанда, студент ол жұмысты қорғауы тиіс. Жұмыста қателер табылған жағдайда, ол студентке қайта қарауға қайтарылады. Тапсырмалардың әрқайсысы бөлек бағаланып, қорытынды бағаға әсерін тигізеді.
Өзіндік жұмыс:
Сабақта орындалып, сабақ соңында тапсырылады. Сабақтан соң қабылданбайды және бағаланбайды.
Коллоквиум:
Коллоквиум топқа жеке қойылған кесте бойынша тапсырылады. Қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар. Сабақты оқыту дәріс және практикалық сабақ, өзіндік жұмыс түрінде жүргізіледі. Дәрісте оқу материалының негізгі мазмұны беріліп, алынған білім практикалық сабақта бекітіліп толықтырылады. Студенттердің білімін тексеру ауызша сұрау, коллоквиум, жазбаша бақылау, микроемтихан қаблдау мен тест тапсырмаларын, жеке тапсырмаларды орындау және оларды қорғау арқылы жүзеге асырылады.
4 Пәннің құрылымы мен мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: |