2 - модуль
6
|
Тақырыбы: Отбасы және қазіргі заман
Отбасы кроссмәдени және тарихи перспективада. Отбасы типологиясы. Неке мен туысқандық. Отбасының әлеуметтік қызметтері. Отбасының әлеуметтанулық перспективалары. Отбасындағы қарым-қатынастардың өзгеруі. Неке мен отбасының альтернативті формалары. Отбасы мен отбасылық қарым-қатынастарды салыстырмалы зерттеу.
Әдістері:
|
Тақырыбы: Отбасы: типологиясы, қызметтері, тұжырымдар
Әдістері:
|
1. Отбасындағы гендерлік рөлдерді (іскерлік ойын әдісін қолдана отырып) талқылаңыз.
2. "Отбасы қоғамның кішігірім жүйесі ретінде" тақырыбында презентация дайындау үшін модельді құру (дайындау алгоритмі: отбасыны қоғамның кішігірім жүйесі ретінде қарастырыңыз; негізгі құрылымдық элементтері мен қызметтерін сипаттаңыз; отбасыға әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды айқындап беріңіз).
|
1. Отбасының рөлі мен маңыздылығының адам өмірінің әр түрлі кезеңінде өзгеруін қарастырыңыз және талдаңыз.
Отбасыңыздың мүшелері негізінде қарастырыңыз.
|
7
|
Тақырыбы: Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау
Девиация мен әлеуметтік бақылау. Девиация туралы теориялық бағыттарды қысқаша шолу (әлеуметтанулық, биологиялық, психологиялық, экономикалық, мәдениеттанулық). Аномия мен қоғам. Деликвенттілік және қылмыс
Әдістері:
|
Тақырыбы: Девианттылық және қылмыскерліктің әлеуметтанулық құрылымдары
Әдістері:
|
1. Дж. Ритцердің еңбектерін қолдана отырып, суицидтың негізгі түрлерін айтып беріңіз және талдаңыз.
2. Сараптамалық шолу. Э. Дюркгеймнің "девиация әрбір қоғамның қалыпты құрамдас бөлігі" деген тұжырымына қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.
3. Г.Тардтың еліктеу теориясы мен Эдвин Г. Сазерландтың дифференциалдық ассоциация теориясының негізгі идеяларын түсіндіріңіз. "Әлеуметтік орта адамның девиантты мінез-құлқының қалыптасуына әсер етеді" деген тұжырыммен келісесіз бе?
|
Әлеуметтанулық сұрау негізінде алынған келесідей қорытындыны дәлелдеңіз немесе жоққа шығарыңыз: "Жоғары сыныпта қатарластар ішімдік пен нашаны қолдануға әсер етеді". (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология және т.б.).
|
8
|
Тақырыбы: Дін, мәдениет және қоғам
Дін: негізгі түсініктер. Дінді әлеуметтанулық талдау. Әлеуметтік бірлік. Дін және әлеуметтік теңсіздік. Мәдениет элементтері. Мәдениет және өркениет: ұғымдардың мазмұны мен ара-қатынасы. Мәдениет әлеуметтануы. Мәдени көптүрлілік. Құндылықтар, дәстүрлер мен ғұрыптар. Қоғамдық сананың жаһандануы, ұлттық код, менталдылық пен дүниетаным: сәйкестік параметрлері. Ұлттық бірегейлік пен мәдениет. Ұлттық бірегейлікті сақтау.
Әдістері:
|
Тақырыбы:
Дін феномені: мәдени және әлеуметтанулық перспектива
Әдістері:
|
1. Мәдениет элементтерін атаңыз және сипаттаңыз – тіл, құндылықтар, нормалар, дәстүрлер және т.б.
2. Әлеуметтік институт ретінде діннің қызметтерін анықтаңыз. Қоғам мен дін арасында қандай қарама-қайшылықтар туындайтынын айқындаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).
|
1. Мәдени конвергенция мен мәдени имперализм идеяларының мазмұнын ашыңыз. (Ритцер Дж., Степницки Дж. Әлеуметтану теориясы, Ритцер Дж. Современные социологические теории).
|
9
|
Тақырыбы: Этнос және ұлт әлеуметтануы
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар. Этникалық жүйелер. Этнос, халық, ұлт. Этникалық бірегейлік. Ұлттық бірегейлік. Ұлт-мемлекет. Этникалық топтар мен олардың өзара тіршілік етуі. Этникалық мүдделер мен эникааралық қарым-қатынас. Этникааралық және конфессияаралық келісім. Қазақстан халқы Ассамблеясы. Қоғамды этноәлеуметтанулық зерттеу.
Әдістері:
|
Тақырыбы: Қоғамдағы этникалық топтар: әлеуметтанулық зерттеулер
Әдістері:
|
1. "Этнос" "халық", "ұлт", "этникалық топ" ұғымдарын салыстырыңыз.
2. Этникалық топтар арасындағы өзара байланысты сипаттаңыз. Презентация дайындаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология)..
|
1. "Қазіргі қазақстандық жастардың құндылықтарын әлеуметтанулық талдау" тақырыбында эссе-талқылау жазыңыз
|
|
|