Әлеуметтану пәнінен syllabus



бет4/26
Дата27.11.2022
өлшемі0,52 Mb.
#160026
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Әлеуметтану силлабус

Апта

Дәріс

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ

СОӨЖ

СӨЖ




1 - модуль

1

Тақырыбы: Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану.
Әлеуметтануға кіріспе. Индивид және қоғам. Әлеуметтік орта мен әлеуметтік мінез-құлық. Әлеуметтік қарым-қатынастар мен әлеуметтік институттар. Әлеуметтену және бірегейлік. Әлеуметтік шынайылық пен ақыл-ой. Әлеуметтанулық ойлау. Әлеуметтанулық қиял. Әлеуметтанулық перспектива.
Әдістері:

Тақырыбы:
Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау
Әдістері:

1. Басты үш әлеуметтанулық бағыт тұрғысынан (құрылымдық, функционализм, қақтығыс теориясы, символдық интеракционизм) қоғамдағы кез келген құбылыс (спорт, кино, отбасы және т.б.) туралы эссе-негіздеме жазыңыз.
2. Әлеуметтанулық қиялды бағыт ретінде қолдана отырып, қазақстандық және өзге қоғамдардағы баспанасыз адамдардың әлеуметтік жағдайын сипаттаңыз.

Тақырыбы:
1. Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі туралы эссе дайындаңыз. "Әлеуметтанулық қиял" түсінігіне анықтама беріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология). Қазіргі адамға неліктен "әлеуметтанулық қиялды" меңгеру мен әлеуметтанулық перспективаны көре алу маңызды екендігін түсіндіріңіз.

2

Тақырыбы: Әлеуметтану теорияларына кіріспе
Әлеуметтанулық теория. Макро- және микро-деңгейлер. Әлеуметтік тәжірибедегі себеп-салдарлық байланыстар. Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер).
Әдістері:

Тақырыбы: Әлеуметтанулық теориялардың даму кезеңдерін талдау
Құрылымдық функционализм. Қақтығыс теориялары. Символдық интеракционизм. Рөлдік теориялар.
Әдістері:

1. Әр түрлі әлеуметтанулық мектептердің, ағымдардың, теориялық бағыттардың, негізгі идеяларын кесте түрінде салыстырыңыз, өкілдері мен олардың басты еңбектерін көрсетіңіз (О. Конттың, Г. Спенсердің, Э. Дюркгеймнің Библиографиялық очерктерін қараңыз (Ритцер Дж., Степницки Дж. Әлеуметтану теориясы, Ритцер Дж. Современные социологические теории).



1. Атақты әлеуметтанушы–теоретиктің (К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Г.Зиммель) ойы туралы баяндама жазыңыз. Негізгі жұмыстарын айқындаңыз және әлеуметтанулық теорияларының тұжырымдарын жазыңыз.

3

Тақырыбы: Әлеуметтанулық зерттеулер
Әлеуметтанулық зерттеу дизайны. Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар. Іріктеу. Ақпаратты жинау әдістері. Сапалық және сандық әдістер. Мәліметтерді талдау.
Әдістері:

Тақырыбы: Әлеуметтанулық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу

1. Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырыңыз. Кесте құрыңыз.
2. Әлеуметтанулық зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттап беріңіз. Әлеуметтанулық әдістердің (сұрау, бақылау, эксперимент, контент-талдау, статистикалық мәліметтерді талдау) ерекшеліктерін талдаңыз.



1.Әлеуметтанулық зертеудің бағдарламасын құру. Тақырып таңдау бойынша (дайындау алгоритмі: зерттеу сұрағын, болжамды айқындаңыз, ұғымдарды тұжырымдап беріңіз; іріктеу жиынтығын есептеңіз).

4

Тақырыбы: Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы
Қоғам, теңдік және теңсіздік. Ашық және жабық қоғам. Стратификация әр түрлі топтар арасындағы құрылымданған теңсіздік ретінде. Стратификация және дифференцация жүйелері. Әлеуметтік стратификация теорияларына қысқаша шолу (К. Маркс, М. Вебер). Әлеуметтік стратификация формалары (П. Сорокин). Әлеуметтік мобильділік. Көлденең және тік мобильділік.
Әдістері:

Тақырыбы: Қазіргі қоғамдағы теңдік пен теңсіздікті бағалау
Әдістері:

1. Стратификацияны зерттеудің әр түрлі бағыттарын салыстырыңыз, олардың ерекшеліктерін анықтаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).



1. "Халықаралық деңгейдегі теңсіздік көрсеткіштері" тақырыбы бойынша топтық жоба (3-4 адаммен бірге отырып, топтарға бөліңіз) дайындаңыз, мысал келтіріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).

5

Тақырыбы: Әлеуметтену және бірегейлік
Индивид пен қоғам арасындағы қарым-қатынас. Әлеуметтену және бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид). Әлеуметтену кезеңдері. Бірінші реттік әлеуметтену. Екінші реттік әлеуметтену. Әлеуметтенудің ересектік шақтағы кезеңі. Гендерлік әлеуметтену. Гендерлік тәртіп. Бірегейлік және тұлға. Әлеуметтік және жеке бірегейлік. Рөлдер және мәртебелер.
Әдістері:

Тақырыбы: Өмір бойы жалғасатын әлеуметтену: институттар мен үрдістер
Әдістері:

1. "Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үрдісіне әсері" тақырыбында презентация дайындаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).
2. "Әлеуметтену агенттері" тақырыбын қарастырып, әлеуметтенудің әрбір агентін сипаттаңыз. Сіздің әлеуметтануіңіздегі оның рөлін талдаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).



1. " Жеке адамдар "әлеуметтік тіршілік иелері" ретінде" тақырыбында эссе-баяндама жазыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет