Отбасы -институты қоғамдағы ең басты институт. Себебі, тұлғаның туғанынан, жеке тұлға болып қалыптасқанға дейін қоғамға биімдейтін отбасы институты болып табылады.
Отбасы – адамдардың қандық туыстық негізінде біріккен шағын әлеуметтік тобы. Отбасы – адамзаттың түрлі әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылған , тұрақты ұйымдасу формасы мен құрылымдық иерархиясы бар арнайы құрылған әлеуметтік институт. Ал неке – қоғам тарапынан арнайы мемлекеттік орган, діни орган, дәстүрлі ақсақалдар рұқсаты және т.б. мекемелермен санкцияланған яғни, ықпал еткен жыныстық қатынастардың тұрақты формасы.