Толық емес отбасы – ерлі-зайыптылардың біреуі ажырасқан немесе өмірден озған отбасы.
Функционалды толық емес отбасы– ерлі-зайыптының біреуінің өз қызметтерін тұрақты атқара алмайтын нуклеарлы (формалды құрамы бойынша толық) отбасы.
Аралас отбасы – ерлі-зайыптының біреуінің (немесе екеуінің) орнын отбасының басқа мүшесі алатын отбасы. Мысалы, ата, әже және немереден тұратын отбасы, яғни баланың ата-анасы қайтыс болған немесе ажырасқан, әлде болмаса әрқайсысы бөлек тұрады; мұндай отбасына жиенін жалғыз тәрбиелеп жатқан тәте отбасы да жатады және т.б.