3. Мемлекеттік билік. Қоғам, мемлекет қалыптастырған басқару органы — саясаттың ең әрекетшіл субъектісі. Мемлекеттік билік мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, әлеуметтік басымдылығын айқындап, ресурстарды бөліп, әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін бақылайды. Осы негізде ол адамзаттың қоғамдық өмірінің нормаларын жасақтап, оны адамдар өміріне ендіреді және оның орындалуын бақылай отырып осы істерге қажетті мәжбүр ету функциясына иелік етеді. Өз мүдделерінің үстемдігін қамтамасыз ету үшін саяси қатынастардың субъектілеріне мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызметіне ықпал тигізу өте маңызды. Саясат субъектілерінің мемлекеттік билікке өз ықпалын тигізуге талаптануы — саясаттың мәнді аспектісі.
4. Саяси элита. Бұл қоғамның ең саяси белсенді бөлігі. Оған саясатқа және саяси қызметке өздерін кәсіби түрде бағыштаған және осы іске өз күш-жігері мен уақытының басым бөлігін жұмсайтын адамдар кіреді.Мемлекеттік билік, оның саясаты, оны іске асырудағы жетістіктер мен сәтсіздіктер қоғамдағы саяси элиталардың күрес объектісі. Бұқарамен байланыс, оның саяси сезіміне көңіл бөлу, әлеуметтік жүріс-тұрысқа әсер ету — міне бұның бәрі саяси элитаның билік жолындағы күресінің құралдары болып табылады.
Саясат мемлекеттiк билiк үшiн бәсекелiк күрес саласында әр түрлi субъектiлердiң әрекеттерi мен өзара әрекеттерi жиынтығын бейнелейдi. Көбiнесе, саясат субъектiсiн бөлiп алу өлшемi, оның осы саладағы нақты әрекетi, немесе саяси шешiм қабылдауға ықпалының деңгейi, мемлекттiк саясатты iске асыруы, немесе оны ұйымдастыруы алынады. Нақты айтсақ, саясат субъектiсi деп шешiм қабылауға ықпал ету деңгейiне және мемлекеттiк саясатты тарату сипатына тәуелсiз, мемлекет пен билiктiк өзара қарым-қатынасқа түсушiнi түсiнемiз.
41. Саясат субъектілері ретінде ұлт және этникалық топтарға анықтама беріңіздер.