Саясаттың субъектісі деп өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады
Саясат субъектілері болып мыналар табылады:
1. Жеке адам, индивид
2. Әлеуметтік топтар осыларға ұлт жане этникалық топтар жатады
3. Мемлекеттік билік
4. Саяси элита
Ұлт — қоғамды ұйымдастырудың анағұрлым кең тараған бірлігі.
Ұлт мемлекетті қажетті заңдылықпен қамтамасыз етеді және тек ұлттық мемлекеттер халықаралық қатынастардың толыққанды субъектілері ретінде өмір сүре алады деген пікір қалыптасқан. Ұлттық емес мемлекеттер толыққанды болып есептелмейді. Олар не ұлттыққа айналуы керек, не өмір сүруін тоқтатуы керек.
Этникалық топ – тілі туыстас, мәдениеті жақын адамдардың қауымдастығы. Э. т-тарға көне түріктерді, ежелгі славяндарды, ежелгі германдықтарды жатқызуға болады. Мамандар тарапынан Этникалық топтарға тілдік тұтастығын жоғалтқан, бірақ мәдени және этногр. өзіндік кескін-келбетін сақтап қалған кельттер, палеоазиаттық халықтар, эскимостар, үндістер, арабтар, т.б. жатқызылады.
Этнос-бұл белгілі бір территорияда тарихи қалыптасқан, мәдени, оның ішінде тілдік, психологиялық ортақтығына ие болатын, өзінің бірлігі мен осындай құрылымдардан ерекшеленуін сезінетін адамдардың тұрақты қауымдастығы.
42. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саяси құрылымына сипаттама берініздер.
Достарыңызбен бөлісу: |