48 Мемлекет қоғамның саяси өмірінің негізгі институты ретінде. Мемлекет туралы мәселенің саясаттанудың ең басты, орталық тақырыптардың санатына жататындығы сөзсіз. Өйткені қоғамның саяси жүйесінде мемлекет басты қызмет атқаратындықтан, саяси жүйенің тиімділігі оның іс-әрекетіне елеулі дәрежеде тәуелді. Мемлекет-бұл белгілі бір территорияда саяси билікті ұйымдастыратын және жүзеге асыратын әкімшілік басқару құрылымына осы территорияда жалпыға бірдей заң қабылдап күштеу монополиясына ие болатын қоғамның саяси жүйесінің басты элементі.