«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары


Әлеуметтанудағы әлеуметтік мәртебелер және әлеуметтік рольдер теориясы



бет9/107
Дата29.03.2022
өлшемі165,8 Kb.
#137220
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   107
Байланысты:
СПК РК1 ГИПЕРС

7. Әлеуметтанудағы әлеуметтік мәртебелер және әлеуметтік рольдер теориясы.
Әлеуметтiк статус (мәртебе) - қоғамдағы жеке түлғалар мен әлеуметтік топтардың қандай да бір қүқықтар мен міндеттер жиынтығымен байланысты жалпы жағдайы. Әлеуметтiк статус- жеке түлғаның немесе әлеу¬меттік қоғамдағы дәрежесінің, кәсібінің, білігінің, лауазымының, материалдық жағдайының, саяси ықпалының, партиялық және кәсіподақтық мүшелігінің, іскерлік байланыстарының, үлтының, діншілдігінің, жасының, отбасылық жағдайының, туыстық байланыстарының интегралды көрсеткіші. Әлеуметтiк статус таңылған, яғни, субъектінің әз қалауынсыз, әдетте, туа бітті (нәсіл, жыныс, жас, үлты) және жеке түлғаның өз күшімен қол жеткізген ше болып екіге бөлінеді. Сондай-ақ жеке түлға аралас, яғни, жоғарыда аталған екі түрінен қүралған Әлеуметтiк статусқа ие болуы мүмкін. Әдетте жеке түлғаның бір мезгілде бірнеше әлеуметтік статусы болады, бірақ соның ішінде біреуі (мысалы, қызметі) негізгі болып табылады.
Мәртебе - адамның топтағы басқаларға қатысты орны. Қол жеткізген мәртебе - міндетті нәрсе емес, бұған қол жеткізу өмір бойы жалғаса береді. Туабітті мәртебе - туа біткен немесе мұрагерлікпен берілген және өзгермейді деп саналатын мәртебе.
Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді. Мысалы отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына және т.б. Әрбір топтағы адамның белгілі бір орны, өзінің көзқарасы, бағыты болады, оған белгілі бір талап-тілектер қойылып, ол оны орындайды. Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады. Осындай қызметтердің маңызды, мәнді жақтары әлеуметік рөл", "әлеуметтік статус" ұғымдарын тудырады.
Әлеуметтік рөл -қоғамдағы адамдардың белгілі бір алатын орнына, жағдайына, оларлын баскалармен карым-қатынастарына байланысты және қабылдаған ережелерге сәйкес адамдардың атқаратын қызметтері. Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белгілі бір қызмет атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын айтамыз. Адамдардың йәлеуметтік рөлдерді бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты. Әлеуметтік рөлдердің мысалы ретінде адамдарды мамандыққа байланысты рөлін айтуға болады. Әлеуметтік рөлдерді игеріп, меңгеруде адам адам әлеуметтік тәртіп стандарттарын игеріп, меңгереді, өзін-өзі бағалап, бақылауды іске асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет