«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары



бет8/107
Дата29.03.2022
өлшемі165,8 Kb.
#137220
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   107
Байланысты:
СПК РК1 ГИПЕРС

Т. Парсонс қоғам-бұл қоршаған орта шеңберіндегі өзін-өзі қамтамасыз етудің ең жоғары деңгейімен сипатталатын әлеуметтік жүйенің бір түрі. Ол әлеуметтік ұйымның функционалды теориясының негізін қалаушы, онда ол әлеуметтік ұйымның төрт деңгейі бар деген пікір айтты:



  • Жеке адам индивиды.

  • Ұжымдар.

  • Әлеуметтік институттар.

  • Қоғам.

Әлеуметтік құрылымның негізгі түрлері: макроқұрылым, микроқұрылым;
– қоғамның немесе әлеуметтік топтың ішкі құрылысы, белгілі щеңберде әлеуметтік топтардың, институттардың өзара әрекеттерінің және олардың арасындағы қатынастардың реттелген жиынтығы.

6. Әлеуметтанудағы конфликтік теориялар.


Әлеуметтік шиеліністер туралы түсінік.

  • Конфликт – (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы.

  • Әлеуметтік конфликт ұғымы кең және тар мағнада қолданылады. Кең мәнінде өндіргіш күштер мен өндіріс қатынастар арасындағы дау әлеуметтік конфликтің басқа түрлерін анықтайды, соның ішінде барлық қанаушы формацияларға тән әлеуметтік конфликтің ерекше түрі таптық күрес болып саналады. Ал тар мағна тұрғысынан қарасақ, онда таптық күрес түбегейлі ұғым болса әлеуметтік конфликт сол ұғымға енеді және соған тәуелді болады. Осы тұрғыдан қарасақ, таптық күрестің қозғаушы күші болып таптар, ал әлеуметтік конфликтің қоздырушы күші соларды құраушы әлеуметтік топтар, жіктер және индивидтер болып табылады.

Адамзат қоғамының тарихына көз жүгіртсек, көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық сатыларында әлеуметтік шиеліністердің орын ағандығын байқауға болады. Біздің тілімізде "шиелініс" деп аталып жүрген бұл құбылыс латын тіліндегі confliktus-қақтығыс деген ұғымды білдіреді. Шиеліністі, даулы жағдайды көпшілік қолдамайды, тіпті одан іргелерін аулақ салуды көздейді. Алайда, күнделікті өмірде адамдар кейде өздерінің еркінен тыс осындай жағдайларға душар болып жатады. Шиелініс жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, өзара әрекеттесу процесінде туындайды. Қазіргі кезде, әсіресе, біздің қоғамымызда әлеуметтік шиеліністер жиі орын алып отыр. Еліміздің нарық қатынастарына көшу барысында қоғам өмірінің бар саласында қайшылықтар бұрын-снды болып көрмеген шиеліністі жағдайға ұласуы жиі ұшырасып отырды. Шиеліністер барлық қоғамдық ғылымдарға қарастырылады. Бұл құбылыстың жалпы ғылыми тұжырымдамалары ең алғаш рет әлеуметтану ғылымында қалыптасты. Әлеуметтану ғылымындағы түрлі бағыттағы зерттеушілер өз кездерінде шиеліністің қоғам дамуындағы маңызы туралы ойларын білдіріп, бұл құбылысты жан-жақты зерттеудің қажеттілігін мойындаған еді. 19 ғасырдың соңында жарық көрген Г. Спенсер, М. Вебер және Л.Гумпловичтің еңбектерінде шиеліністер әлеуметтік дамуға ықпал ететін құбылыс ретінде қарастырылады. Л.Гумплович K, Маркстен кейін көп ұзамай шиеліністердің шығу себептерін адамдардың қажеттерін өтеуге бағытталған күрестен іздеу керектігін айтты.


"Әлеуметтік шиелініс" деген терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғалымы Г. Зиммель болды. Г. Зиммель шиеліністі қоғам өмірінің қалыпты және маңызды формасы ретінде қарастырған Г.Зиммельдің бұл бағыттағы ғалыми көзқарастарын 20 ғ. 20-жыллдары Чикаго мектебінің көрнекті өкілдері Роберт Парк, Эрнст Бэрджесс және Альбион Смолл қолдады. Олар "әлеуметтік өзара ықпалдасу теориясын" негіздеді. Бұл теория бойынша шиелініс еркін бәсеке, бейімделу, елу, ассимиляция, әлеуметтік өзара ықпалдасудың түрлері ретінде қарастырылған. Әлеуметтану шиелінісі әлеуметтану ғылымының құрамында өзалдына жеке бағыт ретінде 20 ғ. 50- жылдарында қалыптасты. Әлеуметтікшиеліністердің жан-жақты зерттеген конфилктологияныі классиктері Р. Дарендорф (Германия), Л. Козер (АҚШ) және К.Боулдинг (АҚШ) деген ғалымдар болды. Олар өздерінің еңбектерінде шиеліністердің барлық қоғамдық жүйелерге тән жалпылама себептерін ашып көрсетуге ұмтылыс жасап, шиелініс процестерін реттеу және шешудің жолдарын көрсетті. Әлеуметтік шиеліністер мәселесі бүгінгі тандағы күрделі, өзекті проблема болып табылады, Бұл мәселе - әлемдік масштабта назар аударылып отырған мәселе.
Шиелініс болуы үшін оның барлық алғышарттары пісіп-жетілуі қажет. Бұл қоғамдық құбылысты өзара байланыста болатын мәнді элементтер құрайды. Яғни, әлеуметтік шиеліністерді өзара тығыз байланыста болатын элементтер тұратын күрделі, тұтас процесс ретінде қарастыру қажет. Шиеліністі құрайтын элементтерге келсек. Олар төмендегідей; 1) шиеліністі жағдай қарама-қарсы жақтардың арасында болады. Олар кем дегенде екіжақ болуы мүмкін. Бұларды шиеліністің субъектілері деп атайды, оларға жекелеген индивидтер, әлеуметтік топтар, әлеуметтік жіктер, саяси партиялар, т.с. жатады. Сол сияқты шиелініске оның негізгі субъектілерінен басқа да адамдар араласуы әбден мүмкін. Бұлар - екі жақтың қолдаушылары, бітімге келтірушілер, ер, арандатушылар, арашашылар, ақыл-кеңес берушілер немесе тіпті кінәсіз құрбандар да боллуы мүмкін. Шиеліністің субъектілерін бұл аталғандардан айыра білген жөн. Шиеліністі жағдайда субъектілердің әлеуметтік және психологиялық сипаттамалары басты рөл атқарады.
2)Шиелініс орын алу үшін қарама-қарсы жақтардың арасындағы қайшылық шегінен шығып, асқынуы қажет. Ал, қайшылық екі жақтың мүдделері мен мақсаттарының айырмашылығынан немесе қарама-қарсылығынан туындайды. Қоғамдағы жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың мүдделері бір-бірімен қабыса бермейді. Шиеліністі жағдайды көбінесе мүдделердің қақтығысуы ретінде түсіну керек. Американдық авторлар Р. Фишер мен У.Юри шиелініс дұрыс шешімін табуы үшін, ең алдымен екі жақты субъектілер мақсат, мүдделерінің қарама-қарсылығын айқын сезінеді. Екі жақтың арасындағы қарама-қайшылық асқынып, субъектілер тікелей іс-әрекетке көшкен кезде шиеліністің қақтығысу кезеңі басталады. Яғни, екі жақ та бірдей іс-әрекетіне тойтарыс беруге тырысып, барынша батыл қимыл жасайды, өз мақсатына жетуге тырысады. Шиеліністің барысына әлеуметтік орта да елеулі ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет