«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары



бет4/107
Дата29.03.2022
өлшемі165,8 Kb.
#137220
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107
Байланысты:
СПК РК1 ГИПЕРС

Әлеуметтік қарым-қатыныстар - үлкен әлеуметтік топтардың (таптардың, мамандықтардың, этностардың және т.б.) өкілдері ретінде адамдар арасындағы қарым-қатынастар.


Әлеуметтік институттар - қоғамдық, топтық, жеке маңыздағы нақтылы мақсаттарға жету үшін немесе аса маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін адамдардың бірлесуі.
Институт - адамның негізгі
қажеттіліктеріне жауап беретін
тұрақты әлеуметтік құрылым. Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады. "Институция” термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. "Институт” ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді.


Әлеуметтік және саяси институттарды құра отырып, қоғам маңызды салалардағы мәселелердің нақтылы әлеуметтік және саяси іс-әрекет түрлерін белгілеп, бекітеді, оларды сол қоғамның мүшелеріне, әлеуметтік топтарына, мемлекеттің барлық азаматтарына немесе бір партияның мүшелеріне, басқа саяси ұйымға түрақты әрі міндетті етеді. 
Ағылшын социологі Г.Спенсер "әлеуметтік институт.” терминін алғаш ұсынған адам
Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады.

Олардың түрлері : ол отбасы, мемлекет, оның органдары (парламент, президент, үкімет, сот), партиялар, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері, зауыттар, банк жүйесі, базарлар, ғылыми және мәдени үйымдар мен мекемелер, бұқаралық ақпарат құралдары, дін және басқалар





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет