Саясат- адамзат қатынастары арасындағы өте күрделі сала.
Саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі – түрлі әлеуметтік топтар мүдделерін ескере отырып қоғамды басқару. Қоғамдық өмірдегі саясаттың рөлі мынадай қызметтермен анықталады:
қоғамның барлық топтары мен таптарының қоғамдық маңызды мүдделерін көрсету;
қоғамда пайда болған қарама-қайшылықтарды оңтайландыру;
қоғамдық үдерістеріді басқару;
қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін әлеуметтік ресурстарды жұмылдыру;
әлеуметтік қақтығыстарды алдын алу және өркениетті түрде шешу; түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін біріктіру;
қоғамдық дамудың инновациялық тәсілдермен қамтамасыз ету; жалпы құндылықтарды жүзеге асыру үшін мәжбүрлеу мен күштеу тәсілдерін қолдану.