Философиялық және жалпы қисындық әдістерге: диалектикалық әдіс, абстрактіліктен (дерексіздіктен) нақтылыққа жету әдісі, анализ (талдау) және синтез (жинақтау), индукция және дедукция,талдап қорыту жатады.
Жаратылыстану ғылымдарынан енген эмпирикалық (тәжірибелік) әдістерде қолданылады. Бұларға: сұрақ-жауап, байқау, статистикалық әдістер, математикалық әдістер, модельдеу әдісі жатады. Қоғам дамуының мақсатын айқындайды. Мақсатына байланысты саясат экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ұлттық , ішкі және сыртқы болып бөлінеді