34.Қоғамдық өмір құрылымындағы саясат. Саясат түсінігі ежелгі грек философы Аристотельдің ұғыммен аттас еңбегі арқылы ғылымға кеңінен тарала бастады. Ғұлама ғалым саясатты отбасылар мен тайпалардың бақытты, ізгілікті өмір сүру түрлерінің ізденісі ретінде қарастырды.
Оның пікірінше, адам саяси жануар және ол саяси қатынастарға түрлі деңгейде қатысады: мемлекет азаматы, әлеуметтік топ мүшесі, саяси қайраткер. Демокрит және өз заманының ойшылдары саясатты өнерден де жоғары түсінік ретінде айқындайды. Ойшылдардың пайымдауынша, саясат аса дарынды, данышпан, әділетті және шыншылдардың ісі. Саясат адамзат баласы мәдениетінің ажырамас бөлігі.
Ол қоғамдық өзара байланыстар мен құрылымдарда көрініс табады, адамның қоғамдық және жеке өмірін қалыптастырады.
Қоғамдық өмірдегі саясаттың рөлі мынадай қызметтермен анықталады:
қоғамның барлық топтары мен таптарының қоғамдық маңызды мүдделерін көрсету;
қоғамда пайда болған қарама-қайшылықтарды оңтайландыру;
қоғамдық үдерістеріді басқару;
қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;
әлеуметтік қақтығыстарды алдын алу және өркениетті түрде шешу; түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін біріктіру;
қоғамдық дамудың инновациялық тәсілдермен қамтамасыз ету; жалпы құндылықтарды жүзеге асыру үшін мәжбүрлеу мен күштеу тәсілдерін қолдану.Саясаттың функциялары:қоғамның тұтастығын қолдау және нығайту, қоғамдық тәртіп пен ұйымдасуды қамтамасыз ету; қоғамның жалпы мақсатын анықтау; құндылықтар мен игіліктерді бөлу; топтық жанжалдарды болдыртпау және оларды реттеу; әлеуметтік субъектілерді байланыстыру т.б.
35.Саясаттың құрылымы мен атқаратын қызметтерін атап және нақты мысалдар көмегімен сипаттап беріңіздер.